Сезу мүшелері. Септеулік шылау.

0
715
кабинет

Сабақтың тақырыбы: Сезу мүшелері. Септеулік шылау.

Сабақтың мақсаты: а) білімдік: тақырып бойынша жан-жақты мәлімет бере отырып,

септеулік шылауларды түсіндіру, сауатты сөйлеу мен жазуға

үйрету;

б) дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту,

қызығушылықтарын оятып, танымдық көзқарастарын

қалыптастыру;

в) тәрбиелік: өз елін, жерін сүюге, мемлекеттік тілді құрметтеуге,

қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: пысықтау сабағы

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, сөйлесу, сөзжасам

Сабақтың көрнекілігі: кітап, сөздік, инт. тақта, суреттер

Пәнаралық байланыс: орыс тілі, биология

Күтілетін нәтиже: септеулік шылауды меңгеру, сезу мүшелері туралы айта білу;

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

– Оқушылармен амандасу – Кезекшінің мәліметі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

Адамның жекеленген дене мүшелері туралы толық мәлімет жинау.

ІІІ. Жаңа сабақ

1 – тапсырма. Сурет бойынша сезім мүшелерінің қызметі туралы сөйлесіңдер.

2 – тапсырма. Берілген суреттерге қарай отырып, сұраулық шылауларды пайдаланып,

сұрақ қойыңдар.

3 – тапсырма. Берілген сөйлемдерден септеулік шылауларды табыңдар.

Септеулік шылауларды қолданып өздерің сөйлем құраңдар.

Сөзжасам

1. ім 2. бен 3. ді 1. Менің көзім қара. 2. Адам көзбен көреді.

3. Көзді желден қорғау керек.

4. де көз 5. ілдірік 4. Дұрыстап көзде. 5. Мен көзілдірік кидім.

6. Әкем көз ілді. 7. Інім көзігіп, қатты ауырды.

6. ілу 7. ігу

Ережемен жұмыс

Септеулік шылау

1. Атау септік: арқылы, үшін, сияқты, туралы, т.б.

2. Барыс септік: дейін, шейін, т.б.

3. Шығыс септік: соң, кейін, т.б.

4. Көмектес септік: қатар, бірге

ІV. Бекіту бөлімі

Сұрақтар қою арқылы бекіту

V. Үйге тапсырма

Адамның сезу мүшелері туралы сөзжасам әзірлеу.

VІ. Бағалау бөлімі

Сабаққа қатысы бойынша бағалау

VІІ. Сабақты қорытындылау

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите свой комментарий!
Пожалуйста, введите ваше имя здесь