Сабақтың тақырыбы: Менің мысғым.

0
569

Күні: ………………….

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік. Тақырып бойынша оқушылардың сөздік қорын молайту. Оқылым, тыңдалым, айтылым, жазылым әрекеттерін жүйелі түрде қолданып.

2.Тәрбиелік. Оқушыларды саналы білім алуға және өз бетімен жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.

3.Дамытушылық. Оқушылардың байланыстырып сөйлеу дағдыларын дамыту.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Үй тапсырмасын тексеру.

ІІ. Модуль құрамын түсіндіру.

ІІІ. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

ІҮ. Сөздік жұмысы.

1.Жаңа сөздермен таныстыру. Сөздерді мұғалім оқиды, оқушылар қайталайды.

2.Оқушылар жаңа сөздерді тізбектеп айтып шығады.

3.Әр түрлі әдістер арқылы жаңа сөздерді пысықтау.

а) Мұғалім сөздік бойынша сөздің орысшасын айтып, допты бір оқушыға лақтырады, оқушы допты қағып алып, сөздің қазақшасын айтып, допты мұғалімге қайтарады. Осылай барлық сөздермен жұмыс жасалады. Көп сөз меңгерген оқушы алғыр атанады.

ә) Тақтаға бір оқушы шығып, жаңа сөздерді қазақ тілінде жазып тұрады, ал сол сөздің аудармасы дұрыс тапқан оқушы тақтаға келіп, аудармасын жазады.

б) Жаңа сөздер деректі заттар болса, оларды мұғалім көрсетіп отырады, басқа оқушылар сол заттың атауын дәптерлеріне жазып отырады. Кейін оқушылар кезек- кезек тақта алдына шақырылып, сөздердің сауатты жазылуы тексеріледі.

Ү. Тапсырмалармен жұмыс.

1-тапсырма. Оқылым әрекетіне берілген мәтінмен жұмыс ұйымдастыру. Әр оқушымен жеке-жеке жұмыс жасау. Өз мысығы бар оқушыларға өздік жұмыс жасату.

2-тапсырма. Айтылым әрекетіне берілген мысалмен жұмыс өткізіп, әр оқушыға жеке-жеке тапсырма беру.

3-тапсырма. Қисынды ойлау қабілетіне берілген жаңылтпашты сөйлесім әрекетінің барлық түрлерін қолданып өткізу.

Сергіту сәті

4-тапсырма. Қисынды ойлау қабілетін жандандыра отырып, жазылым әрекетін іске асыру.Жазылым әрекетіне берілген тапсырманы жеке жұмыс ретінде орындау. Әр оқушымен жеке-жеке жұмыс жасау.

5-тапсырма. Жазылым әрекетіне берілген тапсырманы жеке жұмыс ретінде орындау. Әр оқушымен жұмыс жасау

6-тапсырма. Айтылым әрекетіне берілген сөйлем арқылы өздік жұмыс.

ҮІ. Сабақты бекіту. Менің мысығым туралы қысқаша әңгімелеу.

ҮІІ. Сабақты қорытындылау. Оқушылардың білімін бағалау.

ҮІІІ. Үй тапсырмасын беру. 7-тапсырма. Қисынды ойлау қабілетіне берілген сөз жұмбақ бойынша жұмыс. Шығармашылық тапсырма беру.