Сабақтың тақырыбы: Ертегілер елінде

0
716

. Сабақтың мақсаты:Білімділік: Ертегілер жайлы түсініктерін кеңейту, ертегіні оқуға, айтып, тыңдай білуге үйрету.

Дамытушылық : Оқушылардың ой-өрісін, сөздік қорын дамыту арқылы есту, тыңдау қабілетін арттыру.

Тәрбиелік: Ертегіге ,тілге деген қызығушылықтарын ояту, жақсы тәлім тәрбие беру.

2. Сабақтың

түрі: аралас

3. Сабақтың

әдіс- тәсілі: оқу,тыңдау, сұрақ-жауап.

4. Жұмыс формалары: топтық, жұптық,жекелей.

5. Көрнекілігі :ертегі, оқулық, тақта.

Сабақтың барысы:

I Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды сабаққа дайындау, олармен сұрақ- жауап алысу.

II Сабақтың мақсатымен таныстыру: Ертегіні білу, оқу арқылы тілдің сан қырына үңілу, тілге қызығу оны сүйіп оқу.

III Үй жұмысын тексеру: монолог, сөздерді жаттау.

IV Сабақты түсіндіру : Ертегілер туралы түсіндіру

Ертегіні оқу.

Сөздік жұмыс

Сергіту сәті

Оқулықпен жұмыс.

V Сабақты пысықтау : Ертегі халық ауыз әдебиетінің бір түрі. Ертегіні ертеде өздері ойлап тапқан, бір- бірііне айта жүріп солай тараған.Ертегі айтуға оңай , адамды ойға, қиялға батырады, оны біз ертегіні тыңдағанда жақсы сеземіз.

Қане балалар қандай ертегіні білесіңдер? Ертегі сендерге ұнайма? Көбіне кімдер айтады?

Оқушыларға Ай мен Күн туралы ертегіні оқып беру, оның мазмұнын айту.Оны кезекпен оқыту. Әр қушыға сөздікті пайдалана отырып бір, екі сөйлемнен аудару. Тақтаға таныс емес сөздерді жазып қою, не туралы екенін оқушылар өз сөздерімен айту.

VI Сергіту сәті . Ән шырқау. Жазда атамның ауылына

Барып едім қыдырып

Бір қошақан алдымнан

Шықты ойнап жүгіріп

Қошақаным қайда екен

Шекер ме екен бал ма екен.

Өлеңнің әнін дауыстап үйрету.

VII Оқулықпен жұмыс : 1-ші тапсырма бойынша жұмыс жүргізу.

2-ші тапсырмадағы мәтінді оқыту, оны сөздіктің көмегімен аудару.

Мәтінге жоспар құру, өз түсінгендерін жазу.

Тақтаға оқушылармен бірігіп жоспар жазу. Жоспармен өз ойларын жазу, оқыту.

3-ші тапсырманы оқыту, тән дыбыстарды дұрыс оқу, осы сөздерді аудару.Осы сөздермен сөйлемдер құрау үш, төрт сөйлем тақтаға жазу.

Тақтадағы мына сөздерге фонетикалық талдау жасау.Өркениетті, әдепті, еліміз, тәуелсіз мемлекет.

VIII Сабақты қорытындылау: Ертегі дегеніміз не? Қосымша 1-ші тапсырмаға жауап айту, жоғарыдағы дайындықтары бойынша.

IX Үйге тапсырма: ережені оқу, тақырыпқа байланысты бес сөйлем жазып келу.

X Бағалау.

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите свой комментарий!
Пожалуйста, введите ваше имя здесь