Сабақтың тақырыбы: Менің отбасым

0
778
школьница

Сабақтың мақсаты. Білімділік: Отбасы мүшелерімен таныстыру,оларды атай білу және жаңа сөздер арқылы сөйлем құрай білу.Үндестік заңы мен танысу.

Дамытушылық: Тақырыпқа байланысты тіл байлықтарын сөйлеу әрекетін дамыту.

Тәрбиелік : Туған туысты, үлкенді сыйлауға кішіні құрметтеуге баулу.

3. Сабақтың түрі : жаңа сабақ

4. Сабақтың әдіс- тәсілі: түсіндіру, оқыту, сұрақ- жауап.

5. Жұмыс формалары : топтық, жұптық, жекелей.

6. Көрнекілігі: отбасы мүшелерінің суреті, сөздер, тақта.

Сабақтың барысы:

I Ұйымдастыру кезеңі : Кабинетті дайындау. Оқушыларды сабаққа ыңғайлау, сабаққа дайындықтарын сұрау.

II Сабақтың мақсатымен таныстыру : Отбасы мүшелерін білу, олармен сөйлем құра білу, үлкенді сыйлап кішіні құрметтей білу.

III Жаңа сабақты түсіндіру: Үндестік заңы мен танысу.

Сөздікпен жұмыс

Отбасы мүшелерін таныстыру

Оқулықпен жұмыс

Сергіту сәті.

IV Сабақты пысықтау: Үндестік заңы- Закон сингармонизма. Қазақ тілінің сөздері не бірыңғай жуан не бірыңғай жіңішке болады. Мысалы: ата, әже, шеше, әке.Сөздің соңғы буыны жуан болса оған жуан қосымша жалғанады.Мысалы: ата-лар, ана- лар. Сөздің соңғы буыныжіңішке болса, оған жіңішке қосымша жалғанады. Мысалы: әже-лер, әке-лер.

Сөздермен танысу: Сөздерді өз беттерімен үш қайтара оқып шығады. Содан дауыстап оқиды, әр оқушы оқиды да дәптерлеріне жазып алады.

Тақтадағы суретке қарай отырыпотбасы мүшелерін дауыстап атау, оқушыларға оқыту, таныстыру. Осы сөздермен сөз тіркесін құраймыз.

Сөз тіркестерін оқушылар атайды, бір бала тақтада жазады, қалғандары дәптерлеріне жаза отырады. Мысалы: атам зейнеткер, менің әкем.

Суретке қарап отырып шағын әңгіме құрау.Өздері дәптерлеріне орындайды, болған соң дауыстап оқиды. Мұғалім қатесі болса қарап шығып, қосымша тапсырма беру: үш , төрт сөзге фонетикалық талдау тақтаға үш оқушы орындайды.

Оқулықпен жұмыс: 2- ші тапсырма бойынша өздері диалог құрайды да, төрт, бес сөйлемнен , сол арқылы бірімен бірі рөлмен сөйлесу. Мұғалім дәптерін қарап шығады.

Ереже дәптерлеріне ережені жазып алып жаттаулары керек.Әр оқушыға ережені оқыту.

V Сергіту : Ана туралы өлең оқу.

4 -ші тапсырманы орындау, дауыстап оқу, аудару.

VI Сабақты қорытындылау: Ережені үш оқушыдан тағы сұрап шығу. Бүгінгі отбасы мүшелерін суретке қарап атаңдар. Үш оқушы сөздерді оқиды.

VII Үйге тапсырма; 5- ші тапсырма . Сөздерді жаттау, ережені жатқа айту.

Бағалау .

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите свой комментарий!
Пожалуйста, введите ваше имя здесь