Сабақтың тақырыбы: Біздің үй

0
1010

Сабақтың мақсаты. Білімділік : Тақырыпқа байланысты жаңа сөздер,мәтін, көрнекіліктерді қолдана отырып, білімдерін кеңейту.

Дамытушылық : Өз пәтерлері туралы айтуға, тілдерін жаттықтыру, ой- өрісін қозғау,сөйлеу әрекетін қалыптастыру.

Тәрбиелік: Оларды тазалыққа, сұлулыққа баулу.

3. Сабақтың түрі: дәстүрлі

4. Сабақтың әдіс- тәсілі: әңгімелеу, сөйлемдер құрау, сұрақ- жауап.

5. Жұмыс формалары: топтық, жұптық, жекелей.

6. Көрнекілігі: Бөлме ,үй суреті.

Сабақтың барысы:

I Ұйымдастыру кезеңі: Кабинетті, оқушыларды сабаққа дайындау. Олармен сабақ төңірегінде пікір алысу, 5-7 мин.

II Сабақтың мақсатымен таныстыру: Өз пәтерің туралы айта білуге үйрену, сөйлеу әрекетіңді дамыту, бөлмеңді таза ұстау, ұқыптылық әдеттерін сақтау.

III Үй тапсырмасын сұрау: монолог айту.

IV Жаңа сабақты түсіндіру Мәтін оқу, суретпен жұмыс жүргізу, жаңа сөздер, сөздік диктант, оқулықпен жұмыс, сергіту.

V Сабақты пысықтау. Жаңа сөздерді оқу, әр оқушыға оқыту, осы сөздермен сөз тіркестерін құру. Сөз тіркестерінен сөйлем құрау.Сөйлемді , сөздерді дәптерлеріне жазып алу .

Сурет бойынша: Балалар мына суретте үйдің суреті және ондағы бөлмелер.

Қәне бөлмелерді атаймыз мына қонақ бөлме мынау жатын бөлме, ал мынау са үй, мынау менің бөлмем, яғнй бұл біздің үй. Біздің үй – наш дом. Балалар қәне жаңағы айтылғанға ұқсас кім өз үйі туралы не айталады? Мысалы Мынау менің үйім, осы сөйлемді тақтаға жазамыз.Әрі қарай оқушылар сөздіктің көмегімен суретке байланысты сөйлемдер айтады. Дәптерлеріне жаза отырады.

Оқулықтағы мәтінді оқу, әр оқушыға түгел оқытып шығу, оны орыс тіліне аудару. Мәтінге сұрақ қою, оған өздері жауап айту.Енді оқулықты жауып, осы мәтін бойынша өз сөздерімен мазмұндама жазулары керек.Мәтін шағын.

Жазып болған оқушы мазмұндамасын дауыстап оқиды, мұғалім қате барма, жоқпа қарап өтуі керек.

Енді 2- ші тапсырма бойынша , оларға түсіндіру, осы сөздерден он сөйлем құрап жазу , тақтаға жазу.өздері қате болса түзеп қоюлары керек.Оқушыларға қиын сөздерден шағын диктант жаздыру, білімдерін нығайту. Мысалы: биік, үй, дәстүр, құрмет, өте, көңілді, тәртіпті, кіші, үлкен, екеуіміз, үні, әпкем, сіңлі, пісіру, сіздің, тату-тәтті, өлең, сағыну, сыйлау, өтініш.Осы сөздерді жазып болған соң аудару, дәптерлерін жинап алу.

VI Сергіту сәті: Оқушылар былай болсын сөздер жарысы, тақырыбы Зат есім, бірінші оқушының айтқан сөзінің соңғы әрпіненекінші оқушы бір сөз айтады, айтылған сөз қайталанбайды, айта алмаса отырады , ең көп оқушылар айтқан топ жеңеді. Тарақ, құс, сағат, тақта, алма, аспан.

VII Сабақты қорытындылау : Сөздерге жалғаулар қосу тақтаға, Сен біздің үй….. кел. Мен мектеп……бара жатырмын. Т.б. дәптерге жазу.

VIII Үй тапсырмасы: Жаңа сөздерді, сөздік диктантты жаттау, отбасы туралы үш, төрт сөйлем.

IX Бағалау .