Қазақ тілі 5 сынып. Сабақтың тақырыбы: «Мен және менің досым»

0
25

Мұғалім: Семенова.Т.Н.

Сабақ:

Айы,күні________________

Сабақтың мақсаты: а) білімдік: тақырып бойынша модульді қорытындылап,

көптік жалғауын пысықтау, сауатты жазуға және сөйлеуге үйрету;

ә) дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту,

қызығушылығын арттыра отырып, танымдық көзқарастарын

қалыптастыру;

б) тәрбиелік: өз елін, жерін, Отанын сүюге, достарын сыйлауға,

достыққа адал болуға, қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: қорытынды сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, тест

Сабақтың көрнекілігі: кітап, сөздік, тест парақтары

Пәнаралық байланыс: орыс тілі

Күтілетін нәтиже: көптік жалғауын меңгеру, өз досы жөнінде өз пікірін айта білу;

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

– Оқушылармен амандасу – Кезекшінің мәліметі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

«Көмек» мәтінін мазмұндау. Мәтіндегі бір сөзге фонетикалық талдау жасау.

ІІІ. Жаңа сабақ

1-тапсырма. Сұрақтарға жауап беру.

1. Көптік жалғау деген не ?

2. Досың (құрбың) туралы айт.

2-тапсырма. Тест сұрақтарына жауап беріңдер.

1. Сызбаны толтыр.

Көптік жалғауы

жуан жіңішке

… … … … … …

2. Дұрыс жауабын тап: Досымның көзі … .

А) сыпайы Ә) ұзын Б) қара

3. –лер, -дер, -тер жалғаулары жуан ба?

А) иә Ә) жоқ

4. Мына сөздерден сөйлем құра: мейірімді, досым, менің

5. Сөздерді аудару: сверстник шашы

характер мейірімді

добрый құрбы

волосы дос

Сөздік жұмысы (модуль бойынша өткен сөздерді жатқа жазу)

ІV. Бекіту бөлімі

Сұрақтар қою арқылы бекіту

V. Үйге тапсырма

Өткенді қайталау

VІ. Бағалау бөлімі

Тест жұмысы және сөздік жұмысы бойынша бағалау

VІІ. Сабақты қорытындылау

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите свой комментарий!
Пожалуйста, введите ваше имя здесь