Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Тақырып бойынша оқушылардың 2-сыныпта алған білімдерін бекіту. Саналы түрде аталған тақырып бойынша сөйлей білуге үйрету.
Тәрбиелік:Оқушыларға тақырып бойынша тәрбиелік мәні бар әңгіме жүргізу.
Дамытушылық: Көмекші есімдерді орынды қолдану дағдысын дамыту. Оқушылардың қисынды ойлау қабілетін сөзжұмбақ шешу арқылы жалғастыру.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Сабақтың мақсатын барысын түсіндіру.
ІІІ. Сабақты бекіту.
ІV. Үйге тапсырма.
1. «Сен қайда тұрасың?» сұрағы бойынша тілдесім әрекетін жетілдіру мақсатында 1-тапсырманы жұптық түрде орындату. Әр жалғауға көңіл бөліп, оқушылардың есте сақтау қабілетін жандандыру.
2. Сурет бойынша көмекші есімдермен (үстінде, астында, қасында) ауызша жұмысты практикалық жолмен жалғастыру арқылы айтылым әрекетін дамыту.
3. Үлгі бойынша берілген тапсырманы ауызша, кейін жазбаша орындату. Әр оқушыға жеке-жеке көңіл бөлу.
4. Сұраулық шылаулардың қолдану ережелерінпысықтау мақсатында 4-тапсырманы орындату.
5. ІІ жақта сөйлей білу дағдысын ұштастыру мақсатында 5-тапсырмадағы сөйлемдерді дұрыс аудартылып, айтылым әрекетін жалғастыру.
6. «Бағдаршам» атты сөзжұмбақты сөздерді қазақша аударту арқылы шешкізу. арқылы шешкізу. Өз күшімен сөзжұмбақ жасауға көмек беру.