Сабақтың тақырыбы: Уақыт.

0
738
информатика

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: «Уақыт» тақырыбы бойынша оқушылардың 2-сыныпта алған білімдерін саралау және бекіту. Г және ғ дыбыстарының айтылуы мен жазылуын пысықтау.

Тәрбиелік: Оқушыларға уақытты дұрыс пайдалана білу туралы тәрбиелік мәні бар әңгіме жүргізу.

Дамытушылық: Саналы түрде аталған тақырып бойынша сұраққа дұрыс жауап бере алуға және сөйлей білу дағдысын дамыту.

Сұраулық шылауларды орынды қолдана білу дағдысын дамыту.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй жұмысын тексеру.

ІІІ. Сабақты бекіту.

ІV. Үйге тапсырма беру.

1. Сызба бойынша айтылым әрекетін іске асыру мақсатында жұмыс жүргізу. Оқушылардың қисынды ойлау қабілетін жандандыру.

2. Тілдесім әрекетін жандандыру мақсатында 21-тапсырманы қысқаша әңгіме ретінде ауызша орындату.

3. «Кім қашан қайда барады?» атты сұраққа үлгі бойынша жауап беруге үйрету, зат есімнің жалғауларын дұрыс игеруге ықпал жасау.

4. Оқылым, тыңдалым әрекеттерін Б.С.Қошым-Ноғайдың өлеңімен жүргізу. сан есімдерді дұрыс оқуға, сауатты жаза білуге баулу.

5. 5-тапсырма арқылы тілдесім әрекетін мақсатты түрде жалғастыру үшін орындату. Уақыт өлшемін дұрыс айтуға дағдыландыру,

6. Г және ғ дыбыстарын сауатты, дұрыс, орынды қолдана білуге берілген сөздермен жазбаша жұмыс жасау, үлгі эталонын ұсыну.

Ү л г і э т а л о н ы

Дүкенге, сағат, стадтонға, гүл, үйге, тоғыз.


 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите свой комментарий!
Пожалуйста, введите ваше имя здесь