63-64 сабақ
Сабақтың тақырыбы: Пысықтау.
Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік: Өткен материалдарды қайталау.
Сандар қатарының негізгі қасиеттері туралы білімдерін бекіту.
2.Дамытушылық: Оқушылардың ой -өрісін арттыру, есепті шығара алу дағдыларын дамыту.
3.Тәрбиелік: Ізеттілікке, зейіншілікке тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: қайталау, сұрақ-жауап
Пәнаралық байланыс: дүниетану
Сабақтың көрнекіліктері: сандар, суреттер , ертегі кейіпкерлер.
Сабақтың барысы: І . Ұйымдастыру кезеңі
Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.
Психологиялық дайындық
Шырылдады қоңырау,
Біз сабақты бастаймыз.
Партамызға отырып,
Өзара көз тастаймыз.
Табыс тілеп көзбенен,
Жаңа білім алуға,
Алға қадам бастаймыз.
ІІІ. Тірек білімдерін жетілдіру.
1. Санамақ.
2. Шыршаны безендіру.
ІV.Оқулықпен жұмыс. №4 105 бет.
№3 есеп құрастыру.
V. Сергіту сәті
Ұзын құлақ сұр қоян,
Естіп қалды сыбдырды.
Ойлы-қырлы жерлермен
Ытқып -ытқып жүгірді.
Қарап еді артына,
Қиығын сап көзінің.
Келе жатқан тоңпаңдап,
Көжегі екен өзінің.
VІІ.Дәптермен жұмыс
VІІІ. «Ойлан, тап!» ойыны.
ІХ. «Кім тапқыр? » ойыны.
Х. Сабақты қорытындылау.
ХІ. Жақсы жұмыс істеген оқушыларды мадақтау.