Отбасы мүшелерінің жасы, ұлты. Тасымал.

0
738
анимация

Сабақтың тақырыбы: Отбасы мүшелерінің жасы, ұлты. Тасымал.

Сабақтың мақсаты: а) білімдік: тақырып бойынша жан-жақты мәлімет бере отырып,

тасымалды түсіндіру, сауатты жазуға және сөйлеуге үйрету;

ә) дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту,

қызығушылығын арттыра отырып, танымдық көзқарастарын

қалыптастыру;

б) тәрбиелік: өз елін, жерін, Отанын сүюге, мемлекеттік тілді

құрметтеуге, қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: пысықтау сабағы

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, деңгейлік тапсырмалар

Сабақтың көрнекілігі: кітап, сөздік, суреттер

Пәнаралық байланыс: орыс тілі

Күтілетін нәтиже: тасымалды меңгеру, отбасы мүшелерінің жасы, ұлты жөнінде өз

пікірін айта білу;

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

– Оқушылармен амандасу – Кезекшінің мәліметі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

3 – тапсырманы тексеру.

ІІІ. Жаңа сабақ

1-тапсырма. «Отбасы мүшелерінің жасы, ұлты» тақырыбындағы диалогты жалғастырыңдар.

– Сенің жасың нешеде?

– … .

2 – тапсырма. Деңгейлік тапсырмаларды орындаңдар.

ІІІ деңгей.

1. Суреттегі отбасы мүшелерін атап, сөз тіркестерін құрастырыңдар.

2. Осы сөз тіркестері арқылы 3 сөйлем құрастырыңдар.

Бір сөйлемді буынға бөліп жазыңдар.

ІІ деңгей

1. Сурет бойынша диалог құрастырыңдар.

2. Үндестік заңына сәйкес 5 сөз жазыңдар. Себебін түсіндіріңдер.

І деңгей

1. Тату отбасының жай-күйін суретші дәл көрсете алды ма?

Суретке қарап, өз ойларыңды айтыңдар.

2. Тасымалданбайтын сөздерге мысал келтіріңдер.

Ережемен жұмыс

Тасымал – жазып келе жатқанда сөздің жолға сыймай, келесі жолға көшірілуі. Мысалы: та-ма-ша, т.б.

ІV. Бекіту бөлімі

Сұрақтар қою арқылы бекіту.

V. Үйге тапсырма

«Отбасы мүшелерінің жасы, ұлты» тақырыбына әңгіме жазу.

VІ. Бағалау бөлімі

Сабаққа қатысы бойынша бағалау.

VІІ. Сабақты қорытындылау