Сабақтың тақырыбы: Оқу құралдары. Омоним.
Сабақтың мақсаты: а) білімдік: тақырып бойынша жан-жақты мәлімет бере отырып,
омонимді түсіндіру, сауатты жазуға және сөйлеуге үйрету;
ә) дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту,
қызығушылығын арттыра отырып, танымдық көзқарастарын
қалыптастыру;
б) тәрбиелік: өз елін, жерін, Отанын сүюге, мемлекеттік тілді
құрметтеуге, қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: пысықтау сабағы
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, кестемен жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: кітап, сөздік, суреттер
Пәнаралық байланыс: орыс тілі
Күтілетін нәтиже: омонимдерді меңгеру, оқу құралдары жөнінде өз пікірін айта білу;
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
– Оқушылармен амандасу – Кезекшінің мәліметі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
3- тапсырма.
ІІІ. Жаңа сабақ
1-тапсырма. «Оқу құралдары» мәтінін оқып, мазмұнын айтып беріңдер.
Омоним болатын сөзді табыңдар.
2 – тапсырма. Кестемен жұмыс
№ |
Оқу құралдары |
Қандай? |
Пайдасы |
1. |
Сөмке |
үлкен, қызыл, қара |
Оқу құралдарын саламыз. |
Көру диктанты
Оқу құралдарының айтысы
Бір күні оқу құралдары жиналып: «Кімнің оқушыға пайдасы көп?»- деп айтысыпты. Сонда кітап: «Ең пайдалысы мен, барлық білім менде жазулы,»- деген екен. Ал қалам шыдай алмай:
Мен болмасам, саған білімді қалай жазады? – деп айқай салыпты. Бәрі қызыл кеңірдек болып айтысып жатқанда, оқушы келіп: «Барлығың да менің сенімді көмекшімсіңдер, сендер болмасаңдар мен білім ала алмас едім,» – депті.
Ережемен жұмыс
Жазылуы бірдей, мағыналары басқа сөздер омоним деп аталады. Мысалы:
Ара – 1. пчела 2. промежуток 3. пила
Қара – 1. черный 2. смотри Түс – 1. цвет 2. слез 3. сон 4. Обед
ІV. Бекіту бөлімі
Сұрақтар қою арқылы бекіту.
V. Үйге тапсырма
Оқу құралдарының жайында шағын әңгіме құрау.
VІ. Бағалау бөлімі
Сабаққа қатысы бойынша бағалау.
VІІ. Сабақты қорытындылау