Негіздердің жіктелуі, аталуы, алынуы мен химиялық қасиеттері.

0
1877
информатика

Сыныбы: 8 сынып

Күні:

№3 -шы сабақ тақырыбы: Негіздердің жіктелуі, аталуы, алынуы мен химиялық қасиеттері.

Оқыту мақсаты: Судың химиялық қасиеттерін еске түсіру арқылы негіздердің ережесі.

Химиялық қасиеттерді оқып-үйренуді жалғастыру. Екідайлы қасиетті элементтер туралы мағлұмат беру. Заттарды бір-бірімен салыстырып, олардың ерекше қасиеттері

мен ортақ қасиеттерін ажырата білу, заттың құрамы мен құрылысы жайлы білімді дамыту. Негіздер класына жататын заттардың ортақ химиялық қасиеттері және ұқсастығы мен айырмашылығын құрамына қарап ажырату.

Реактивтер мен құралдар: Темір(ІІ), мыс(ІІ) және мырыштың ерігіш тұздары, мыс(ІІ) гидроксиді, сілтілер,қышқылдар,спирт шамы,сіріңке.

Лабораториялық тәжірибе: Ерімейтін негізді қыздырып айыру. Мырыш гидроксидінің әрі қышқыл,әрі негізбен әрекеттесу тәжірибесін жасау.

Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

Тірек білім мен біліктер: Оксид,қышқыл,тұз,қышқылдық оксид,негіздік оксид, бейта- раптану реакциясы,жай және күрделі заттар,металл,бейметалл,екідайлы оксид, индика- торлар. Кесте толтыру,химиялық тілді жаттықтыру,өз бетімен жұмыс істеу.

Кесте толтыру: Бейорганикалық заттар

Жай заттар

Күрделі заттар

элементтер

оксидтер

қышқылдар

негіздер

тұздар

металл

бейметалл

екідайлы

Негіз

дік

Қыш

қыл

дық

Екі

дай лы

оттекті

оттексіз

сілті

негіз

екідайлы

Білім мен біліктерін тексеру: Оқушыларға жалпы негіздер, олардың құрамы,түрлері туралы түсініктер белгілі. Өткен сабақтар бойынша негізгі түсініктерді оқушылар қалай қабылдағанын фронтальді түрде сұрау арқылы төмендегі сұрақтарды қою:

– Оксидтер,қышқылдар,негіздер және тұздар дегеніміз не?

– Негіздер мен тұздардың құрамдарын салыстыра отырып, қандай ұқсастықтары мен ,,,айырмашылықтары бар екендігін анықтаңдар?

– Қышқылдық,негіздік оксид дегеніміз не?

– Суда еритін қандай негіздерді білесіңдер? Олар қалай аталады?(ерігіштік кестесі)

– Химиялық қасиеттеріне байланысты негіздік оксидтердің, қышқылдық оксидтерден ,,қандай айырмашылығы бар?

Жаңа сабақ: Оқушыларға жаңа сабақтың мақсатын таныстыру. Тірек – сызба арқылы негіздердің алыну әдістері мен химиялық қасиеттері түсіндіріледі. Сілтілермен қышқылдық оксидтердің әрекеттесуі, суда ерімейтін негіздердің қыздырғанда айырылуы, екідайлы гидроксидтің екі жақты қасиеті жайлы мәліметтер беріледі. Түсіндірілген тақырыпты толық бекіту үшін оқушылар лабораториялық тәжірибені орындайды, соңынан сұрақтар қойылады:

Суда ерімейтін негіздердің қыздырғанда айырылуы және екідайлы гидроксид жайлы тәжірибе жасалып, тиісті реакция теңдеулері жазылады.

Лакмус,фенолфталеин,метилоранж индикаторларының сілтілерге әсері қандай?

Суда еритін және ерімейтін негіздерге тән химиялық қасиеттерінде қандай ұқсастық пен айырмашылық бар?

Екідайлы гидроксидтер қандай қосылыстармен әрекеттеседі?

Бейтараптану реакциясы дегеніміз не?

Дамытудың жоспарланған нәтижесі: Негіздер мен тұздардың құрамын салыстырып сипаттау.

Үйге тапсырма: §45,(1-10), §46. Жұмыс дәптері.

химия