Негіздердің құрамы және жіктелуі. Негіздердің химиялық қасиеттері және қолданылуы.

0
1592
науки информатики

№8-9 сабақтардың тақырыбы: Негіздердің құрамы және жіктелуі. Негіздердің химиялық қасиеттері және қолданылуы.

Сабақтың мақсаты: Негіздердің құрамымен және олардың жіктелуін таныстыру. Негіздердің формуласын құрастыру, индикаторлардың көмегімен анықтай білу біліктерін жетілдіру. Сілтілер ұғымын қалыптастыру. Негіздер мен сілтілердің қасиеттерін айыра білуге үйрету. Бейметал окидтерінің сілтілермен әрекеттесуін демонстрациялап, оның реакция теңдеуін құруға, түзілген тұздардың құрамын дұрыс анықтай білуге үйрету. Қыздырғанда мыс (ІІ) гидроксидінің айырылуы тәжірибе жүзінде таныстырып, ерімейтін негіздердің айырылу реакциясы теңдеулерін құра білуге үйрету.

Құрал –жабдықтар: Сілтілер,индикаторлар.т.б

Тірек білім мен біліктер: Заттардың құрамы туралы білімі және олардың жіктеу білігі, индикаторлардың әсерін бақылау білігі, негіздердің құрамы, химиялық формуласы, валенттік бойынша формула құрастыру білігі.

Сабақ барысы: Оқушыларға металл валенттілігі бойынша негіздерінің формуласын құрастыру тапсырылады. Nа, К, Са, Ғе(ІІІ),Сu

Бұдан оқушылар ” Негіз дегеніміз әрбір металл атомы бір немесе бірнеше гидроксотоп пен байланысқан күрделі зат ” деген қорытындыға келеді.

Негіздердің қасиеттерімен оқушыларды зертханалық тәжірибелерді жасау барысында таныстыруға болады. Зертханалық жұмысты жасап оқулықтағы үлгі бойынша кесте толтырылғаннан кейін оқушыларға төмендегі қорытындылау сұрақтары беріледі.

  1. Негіздерді қандай белгілері бойынша екі топқа бөлуге болады?

  2. Еритін және ерімейтін негіздерге төмендегі жоспар бойынша салыстырмалы сипаттама беріңдер:

а) формулалары; ә) сыртқы түрлері; б) судың әсері; в) индикатордың әсері;

г) қыздырудың әсері.

Ұқсас қасиеттерін бөліп жазыңдар. Сұраққа қайтарылған жауапты сыныпта талдап, жетпеген жерлерін мұғалім толтырады. Бұл жерде мұғалім суда ерімейтін негіздердің тағы бір ерекшелігін ескертеді. Ол –тиісті металл оксидіне су қосқанмен суда ерімейтін гидроксидттер алынбайтындығы. Мұнда олардың алу жолына тоқталу қажет емес. Өтілген материалды бір жүйеге келтіру үшін қорытынды бөлімде мынадай кестені толтыруды ұйымдастырған жөн.

Негіздер

Негіздердің әсері

Сілтілер

Ерімейтін

Суға

Лакмусқа

Фенолфталинге

қыздыруға

Ериді

ерімейді

Ерітіндінің түсі көгереді

өзгермейді

Ерітінді қызыл түске боялады

өзгермейді

ажырамайды

ажырамайды

Химиялық қасиеттерімен таныстыру.

Сабақты пысықтау мақсатында берілетін сұрақтар мен жаттығулар:

1. Негіздер қандай екі топқа бөлінеді? Олардың ұқсастығы мен айырмашылығы.

2. Мыс (ІІ) гидроксиді мен темір (ІІІ) гидроксидін алуға болатын реакция теңдеуін жазыңдар.

3. Еритін негіздер мен ерімейтін негіздер сумен қалай әрекеттеседі?

4. Ерімейтін негіздерді қыздырғанда не байқалады?

5. Төмендегі қышқылдар мен негіздердің өзара әрекеттесу реакция тендеулерін жазып оған қатысатын барлық заттардың аттарың атандар?

а) NaOH және H2SO4; ә) Си (ОН)2 және НСІ;

б) Са(ОН)2 және H2SO4; в) Ғе (ОН)3; және НNO3.

Жаттығулар:1.Бейметалл оксидтеріне сәйкес қышқылдарды ескере отырып, бей металл оксидтері мен негіздердің өзара реакцияласу теңдеулерін құрастырыңдар.

а) SO2+ NaOH→ б) Р2О5+КОН→

ә) SO3+Са/ОН/2 → в) SO 2 +Ва/ОН/2

Натрий гидроксиді төмендегі оксидтердің қайсысымен әрекеттесетінін анықтаңдар. Сәйкес реакция теңдеулерін жазып, түзілген түзілген тұздарды атаңдар: СаО, Р2О5, АІ2О3, SO2, СиО.

Үйге тапсырма беру: §42,(1-6),§43,(1-13).

химия