Наурыз мерекелері. Себеп үстеу.

0
671

Сабақтың тақырыбы: Наурыз мерекелері. Себеп үстеу.

Сабақтың мақсаты: а) білімдік: тақырып бойынша жан-жақты мәлімет бере отырып,

себеп үстеуді түсіндіру, сауатты сөйлеу мен жазуға үйрету;

б) дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту,

қызығушылықтарын оятып, танымдық көзқарастарын

қалыптастыру;

в) тәрбиелік: өз елін, жерін сүюге, мемлекеттік тілді құрметтеуге,

қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: пысықтау сабағы

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, топтық жұмыс

Сабақтың көрнекілігі: кітап, сөздік, инт. тақта, суреттер

Пәнаралық байланыс: орыс тілі

Күтілетін нәтиже: себеп үстеуді меңгеру, наурыз мерекелері туралы өз ойларын айта

білу;

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

– Оқушылармен амандасу – Кезекшінің мәліметі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

1 – тапсырма («Аққу» мәтінін мазмұндау). Қатемен жұмыс.

Таңдаған бір құс туралы күшейткіш үстеулерді қатыстырып, әңгіме жазу.

ІІІ. Жаңа сабақ

1 – тапсырма. Сөздікте берілген етістіктермен себеп үстеулерді қатыстырып, сөйлем

құраңдар.

өткізу, сыйлау, шақыру, дайындау, құрметтеу

2 – тапсырма. Диалогты оқып, өзара сөйлесіңдер. Үстеулерді теріп жазып, морфологиялық

талдау жасаңдар.

– Наурызда қандай мерекелер бар?

– Наурызда Аналар мерекесі мен Наурыз мейрамы бар.

– Осы мерекелер қалай өтеді?

– Осы мерекелер жақсы, көңілді өтеді.

3 – тапсырма. Сөздерді тиісті орнына қойып, сөйлемдер құраңдар.

Анама, сыйлаймын, гүл, мен.

Әпкеме, сатып, алып, бұйымдар, бердім, зергерлік.

Кітап, сыйладым, қарындасыма.

Ережемен жұмыс

Үстеу – заттың, қимылдың жай-күйін, мезгілін, т.б. білдіретін сөз табы.

Себеп үстеу – іс-қимылдың себебін көрсететін үстеудің түрі. Мысалы: шарасыздан, амалсыздан, бостан-бос, құр босқа, т.б.

ІV. Бекіту бөлімі

Сұрақтар қою арқылы бекіту

V. Үйге тапсырма

«Наурыз мерекесі» туралы үстеулерді қатыстырып, сөйлесу құрау.

VІ. Бағалау бөлімі

Сабаққа қатысы бойынша бағалау

VІІ. Сабақты қорытындылау