Нүкте. Кесінді. Ұзындықты әртүрлі өлшемдермен өлшеу.

0
957
информатика

11-ші сабақ

Сабақтың тақырыбы: Нүкте. Кесінді. Ұзындықты әртүрлі өлшемдермен өлшеу.

Сабақтың мақсаты: 1. Нүкте, кесінді туралы түсініктерін қалыптастыру;

2.Оқушыларды сантиметрмен таныстыру, кесінділердің ұзындықтарын салыстыруды үйренуге дайындау.

3.Ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ -жауап

Пәнаралық байланыс: дүниетану, еңбекке баулу

Сабақтың көрнекіліктері: көліктердің суреттері, жіп, әр түрлі жолақшылар.

Сабақтың барысы: І . Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық

Жүйрік болса кім ,

Күлімдейді күн.

Жарыста жүгір, алға ұш.

Бізде бар мол күш

Қане сапқа тұр.

Допты дәлдеп ұр.

ІІІ. Тірек білімдерін жетілдіру.

Санау ,заттардың кеңістікте орналасуы туралы түсініктерін бекіту үшін ауызша жұмысқа ойындармен жаттығулар еңгізуге болады. «Не өзгерді?», «Сана және айт», «Неше рет?», «Ұшақтың ұшуы», «Дыбыс қай жақтан шықты?», «Керісінше», «Сөйлемді аяқта» сияқты ойындарды ұйымдастыруға, сондай -ақ №4 тапсырманы орындатуға болады.

Тақтаға әртүрлі геометриялық фигуралар ілінген. «Өздеріңе белгілі фигураларды табыңдар және атаңдар» деген тапсырма беріледі.

Жаңа материалды оқып – үйрену.

Мұғалім карточкаға жазылған СЫЗЫҚ, КЕСІНДІ, НҮКТЕ сөздерін оқып береді.

-Бұл сөздердің барлығы сендерге кішкентай жаңалықтар ашуға көмектеседі.

Сендер нүкте және кесіндімен танысасыңдар. Өткен сабақта танысқан сызық түрлерін естеріңе түсіріндер. Оларды атаңдар. Ал енді сендер қайшыны алып, түзу сызықтың бір бөлігін екі жағынан кесіп алындар дейік. Енді кесінді пайда болды. Кесінді екі жағынан нүктемен шектелген, яғни оның басы мен ұшы бар. Суреттегі сызыққа қараңдар. Оның басы мен ұшы бар ма? Сызықты біз екі жағынан шексіз соза береміз.

ІV. Оқулықпен жұмыс .

№1 тапсырма жаңа сабақты түсіндіруге арналған. «Сызық пен кесіндінің қандай айырмашылығы, қандай ұқсастығы бар? Сызықтарды өлшеуге бола ма? Кесіндіні ше?» деген сұрақтар қойылады.

№2 тапсырма.

-Бізге өлшеу үшін қандай да бір өлшем керек. Айгүл өлшемдерге бөлінген алып, кесіндіні өлшеді. Кесіндіге неше өлшемді сыйғызуға болады? Самат осы кесіндіні көк жолақпен өлшеді. Оның өлшемі неше рет сыйды.

-Неге Айгүл мен Самат бір кесіндіні өлшеген кезде әртүрлі өлшем шықты? Балалардың назарын бірдей кесіндіні түрлі өлшеммен өлшеген кезде әртүрлі шама шығатынына аудару керек.

Алғашқы бекіту жұмысы үшін №3 тапсырма орындалады. Оқушылар ұзындығы оқулықтағыдай өлшемді алып, кесіндіні өлшейді. Мұғалім тағы бір рет бірдей кесіндінің әртүрлі өлшеммен өлшеген кезде шамаларының бірдей болмайтынын түсіндіреді.

V. Логикалық тапсырма . №5 тапсырма логикалық ойлау қабілеттерін дамытуға арналған .

VІ.Сергіту сәті

Көжектерім тұршы

Беттерінді жұшы

Айнаға қарашы

Шашынды тарашы

Киіміңді киші

Мектепке қарай жүгірші

Орнына отыршы ,

Сабағынды оқышы.

VІІ.Дәптермен жұмыс 18-19 бет

№1 тапсырманы әр оқушы алдын ала дайындалған өлшемдерді пайдалана отырып орындайды.

№2 , №3 тапсырмалар геометриялық фигуралардың атауларын бекіту үшін берілген.

VIIІ. Сабақты қорытындылау.

– Сабақты қандай көңілмен бастадық?

-Сабақты қандай көңілмен аяқтадық?

– Жақсы.

-Осындай жақсы көңіл не нәрсеге байланысты болды? (татулыққа, ұйымшылдыққа)

-Сабақта не істедік?

-Қандай тапсырма қиын болды?

ІХ. Жақсы жұмыс істеген оқушыларды мадақтау.

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите свой комментарий!
Пожалуйста, введите ваше имя здесь