Кеңістік туралы түсінік.

0
642
литература

Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік: оқушылардың кеңістік туралы (жоғары- төмен,оңға-солға, алдында-артында, арасында,қасында, ішінде) түсініктерін қалыптастыру және нақтылау.

2.Дамытушылық: оқушылардың бақылағыштығы мен логикалық ойлауын дамыту.

3.Тәрбиелік. Зейіншілікке ,тәртіптілікке тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: Әңгімелеу, сұрақ-жауап

Пәнаралық байланыс: дүниетану пәнімен

Сабақтың көрнекіліктері: күннің суреті , геометриялық фигуралар.

Сабақтың барысы: І . Ұйымдастыру кезеңі

Тиін мен Қоянның әкелген ережесін оқыту:

1.Тыныштық сақтау.

2.Бір -бірін тыңдау.

3. Ойды ашық айту.

4.Жауапты толық айту.

ІІ.Психологиялық дайындық .

«Күлімде ,күн, күлімде!

Күлсін барлық бала шат!

Берекелі бүгіндей

Бейбіт болсын болашақ!»

Осындай жақсы көңілмен сабағымызды бастайық .

ІІІ. Тірек білімдерін жетілдіру.

«Артық фигура» ойынды өткізу. Берілген суреттер бойынша жұмыс жүргізу.

1).Үшбұрыш, шаршы, төртбұрыш, тіктөртбұрыш

2). Үлкен үшбұрыш, кіші үшбұрыш, қызыл үшбұрыш, шаршы.

3). Шаршы, төртбұрыш, дөңгелек. Оқушылар жауаптарын дәлелдеп отырады.

IV. Жаңа материалмен жұмыс

Жаңа тақырыппен танысу жұмысын практикалық жұмыстан бастауға болады. Мұғалім балалардан сол қолын көрсетуді, оң қолын көтеруді, сол жақ шекесіне қолын тигізуді, т.б. сұрайды. Оқушылардың сөйлеу тілдерінде «үстінде», «астында», «ішінде», «сыртында», «арасында», «оң жақта», «сол жақта» сөздерін дұрыс қолдануы маңызды.

V. Оқулықпен жұмыс. №1 тапсырманы орындау кезіңде сурет бойынша сұрақ қою арқылы заттардың , балалардың кеңістіктегі орны анықталады.

Заттардың өзара орналасуына қатысты сөздерді дұрыс қолдануға үйрету үшін мынадай сұрақтар қоюға болады.

Тиіннің сұрақтары:

-Үйдің алдында не тұр?

-Балалардың қайсысы жоғарыда, қайсысы төменде әткеншек тепті?

-Әткеншектің алдында кім тұр? Осындай әткеншекке жақын тұруға бола ма?

-Сырғанаққа артынан келіп тұрған қызды тап, т.б.

№2 тапсырма оқушылардың «жоғарыда, төменде, алдында, артында, оң жақта, сол жақта» сөздерін өз беттерінше қолдануға жаттығуы үшін берілген.

№3 тапсырма оқушылардың зейінін дамытуға көмектеседі. Оқушылардың оң жағы мен сол жағын шатастыратыны белгілі. Бұл әсіресе бейне немесе заттың баланың алдында тұруына, айнадағы кескініне байланысты. Мұндай жағдайда суретте бейнеленген қонақтар орнын ауыстырып отырғанын анықтау үшін қыздың оң жағында кім , сол жағында кім отырғанын анықтау керек. Содан кейін осындай бақылауды екінші суретпен де жүргізу керек.

1-ші суретте балалар қалай отыр? (Сұрақтарға толық жауап беру. Мысалы:

1-ші үстелдің басында үш бала отыр. Төрде Айгүл, Айгүлдің сол жағында Болат , оң жағында Олжас отыр.)

Қоянның тапсырмасы:

-Суреттегі қонақтар орындарын ауыстырып отырды ма?

Иә, 2-ші үстелдің басында , балалар өз орнындарын ауыстырып отыр. Болат пен Олжас бір -бірімен орындарын ауыстырды.

VI.Сергіту сәті.

Орнымыздан тұрайық

Алақанды соғайық.

Бір отырып, бір тұрып.

Бір отырып, бір тұрып.

Дем алғасын отырайық.

VII.Дәптермен жұмыс 5-6 бет

№1 (жай қарындашпен) қызғалдақты киіз үйдің сол жағына, көбелекті жоғары, күннің көзін оң жаққа, шөптерді төмен жаққа орналастырамыз.

№3 үлгі бойынша орындау. Бағытты көрсетіп тұрған бағдаршаны сәйкес түспен бояу керек.

№4 Лабиринт. Тауықтың қозғалыс бағытын дауыстап айта отырып, жолын жүргізу.

VIIІ. Өтілген материалмен жұмыс жүргізу.

№2 тапсырма оқушылардың графикалық, торкөздерге дұрыс жаза білу біліктерін дамытуға бағытталған. «Түйенің ізі» өрнегін салу. Содан соң «Таулар» тапсырмасы орындалады. Алдымен балалар өрнекті үзік сызықтармен бастырады, содан соң тапсырманы өөз беттерінше орындайды. Егер оқушы суретті жеңіл орындаса, пайда болған өрнекті бояуды ұсынуға болады.

ІХ.Сабақтың қорытындысы.

-Бүгін қандай тақырыппен таныстық?

-Сабақта не істедік?

-Қандай тапсырма қиын болды?

Х. Жақсы жұмыс істеген оқушыларды мадақтау.

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите свой комментарий!
Пожалуйста, введите ваше имя здесь