Қазақ тілі 5 класс на казахском

Менің мекен – жайым.

Опубликовано в 2018 году. Что изменилось в 2026–2027

Сабақтың тақырыбы: Менің мекен – жайым.

Сабақтың мақсаты: а) білімдік: тақырып бойынша жан-жақты мәлімет бере отырып,

түсіндіру, сауатты жазуға және сөйлеуге үйрету;

ә) дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту,

қызығушылығын арттыра отырып, танымдық көзқарастарын

қалыптастыру;

б) тәрбиелік: өз елін, жерін, Отанын сүюге, мемлекеттік тілді

құрметтеуге, қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: пысықтау сабағы

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, хат жазу

Сабақтың көрнекілігі: кітап, сөздік, суреттер

Пәнаралық байланыс: орыс тілі

Күтілетін нәтиже: тасымалды меңгеру, мекен – жай жөнінде өз пікірін айта білу;

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

– Оқушылармен амандасу – Кезекшінің мәліметі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

«Өзім туралы» тақырыбына жазған әңгімелерін тексеру.

ІІІ. Жаңа сабақ

1-тапсырма. «Менің мекен – жайым» тақырыбындағы сөйлесуді жалғастырыңдар.

– Сен қай Республикада тұрасың?

– … .

– Сен қай облыста тұрасың?

– … .

– Сен қай ауданда тұрасың?

– … .

2 – тапсырма. Бірінші бағандағы сөздерді екінші бағандағы сөздермен мағынасына қарай

сәйкестендіріңдер.

3 – тапсырма. Үлгі бойынша досыңа немесе алыстағы туысқаныңа ,т.б. хат жазыңдар.

Конверттің сыртын үлгі бойынша толтырыңдар.

Үлгі: Кімге? М.А.Досжановаға Кімнен? М.Красиковтан

Шығыс Қазақстан облысы Батыс Қазақстан облысы

Аягөз ауданы Зеленов ауданы

Сандықтас ауылы Калинин ауылы

Д.Бабатайұлы көшесі, 2 үй. Торговая көшесі, 7 үй.

ІV. Бекіту бөлімі

Сұрақтар қою арқылы бекіту.

V. Үйге тапсырма

Сөйлемдер құрап, буынға бөліп жазу.

VІ. Бағалау бөлімі

Сабаққа қатысы бойынша бағалау.

VІІ. Сабақты қорытындылау

 

Ещё уроки серии

Все 186 уроков
  1. Менің досымның мінезі. Реттік сан есім.
  2. Менің елім – Қазақстан. Негізгі және туынды зат есім.
  3. Менің мектебім. Омоним.
  4. Менің пәтерім. Зат есім
  5. Менің қалам. Шығыс және көмектес септіктері.
  6. Менің ана тілім. Ашық буын.
  7. Менің атам мен әжем.Шылау.
  8. Метро деген не? Ілік және барыс септіктері.
  9. Мұрын мен құлақ. Жалғаулық шылау.
  10. Нан дастарқанға қалай келеді? Барыс септігі

Қазақ тілі в 5 классе

Все предметы 5 класса