Қазақ тілі 5 класс на казахском

Менің ана тілім. Ашық буын.

Опубликовано в 2018 году. Что изменилось в 2026–2027

Сабақтың тақырыбы: Менің ана тілім. Ашық буын.

Сабақтың мақсаты: а) білімдік: тақырып бойынша жан-жақты мәлімет бере отырып,

ашық буынды түсіндіру, сауатты жазуға және сөйлеуге үйрету;

ә) дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту,

қызығушылығын арттыра отырып, танымдық көзқарастарын

қалыптастыру;

б) тәрбиелік: өз елін, жерін, Отанын сүюге, мемлекеттік тілді

құрметтеуге, қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: пысықтау сабағы

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, топтық жұмыс

Сабақтың көрнекілігі: кітап, сөздік

Пәнаралық байланыс: орыс тілі

Күтілетін нәтиже: ашық буынды меңгеру, өз ана тілі жөнінде өз пікірін айта білу;

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

– Оқушылармен амандасу – Кезекшінің мәліметі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

«Қазақ тілінің болашағы» тақырыбында әңгіме жазу. 3- тапсырманы тексеру.

ІІІ. Жаңа сабақ

1 – тапсырма. «Менің ана тілім» мәтіні бойынша топтық жұмыс.

1. мәтінді оқиды

2. мәтін бойынша сұрақ құрайды

3. мәтін бойынша жоспар құрайды

4. мәтінді мазмұндайды

2 – тапсырма. «Менің ана тілім» тақырыбындағы сөйлесуді жалғастыру.

– Сенің ана тілің қандай тіл?

– … .

– Сен өз ана тіліңде еркін сөйлесе аласың ба?

– … .

3 – тапсырма. Берілген сөйлемдерді буынға бөліп жазып, ашық буынды табу.

а.б. а.б. а.б. а.б.

Үлгі: Ме –нің а-на ті-лім – ө – те бай тіл.

ІV. Бекіту бөлімі

Сұрақтар қою арқылы бекіту.

V. Үйге тапсырма

1 – тапсырма (Мәтінді мазмұндау)

Берілген сөйлемдерді буынға бөліп жазу.

VІ. Бағалау бөлімі

Сабаққа қатысы бойынша бағалау.

VІІ. Сабақты қорытындылау

 

Ещё уроки серии

Все 186 уроков
  1. Менің пәтерім. Зат есім
  2. Менің қалам. Шығыс және көмектес септіктері.
  3. Менің атам мен әжем.Шылау.
  4. Метро деген не? Ілік және барыс септіктері.
  5. Мұрын мен құлақ. Жалғаулық шылау.
  6. Нан дастарқанға қалай келеді? Барыс септігі
  7. Наурыз мерекелері. Себеп үстеу.
  8. Нәтиже сабақ «Адам»
  9. Нәтиже сабақ «Еңбек. Мамандық».
  10. Нәтиже сабақ «Жаз»

Қазақ тілі в 5 классе

Все предметы 5 класса