Қазақ тілі 5 класс на казахском

Менің қалам. Шығыс және көмектес септіктері.

Опубликовано в 2018 году. Что изменилось в 2026–2027

Сабақтың тақырыбы: Менің қалам. Шығыс және көмектес септіктері.

Сабақтың мақсаты: а) білімдік: тақырып бойынша жан-жақты мәлімет бере отырып,

шығыс, көмектес септіктерін түсіндіру , сауатты жазуға және

сөйлеуге үйрету;

ә) дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту,

қызығушылығын арттыра отырып, танымдық көзқарастарын

қалыптастыру;

б) тәрбиелік: өз елін, жерін, Отанын сүюге, мемлекеттік тілді

құрметтеуге, қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: пысықтау сабағы

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, суретпен жұмыс

Сабақтың көрнекілігі: кітап, сөздік, суреттер

Пәнаралық байланыс: орыс тілі

Күтілетін нәтиже: шығыс және көмектес септіктерін меңгеру, Алматы қаласы

жөнінде өз пікірін айта білу;

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

– Оқушылармен амандасу – Кезекшінің мәліметі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

Қатемен жұмыс. Өз қаласындағы немесе ауылындағы ең көрнекті жер туралы сурет салу және әңгімелеу.

ІІІ. Жаңа сабақ

Сөздік

оңтүстік – юг солтүстік – север

батыс – запад шығыс – восток

Суреттер бойынша «Қалада не бар?» сұрағына жауап беріңдер.

1 – тапсырма. «Алматыда» мәтінін оқып, сұрақтар қойыңдар. Мәтінді мазмұндаңдар.

2 – тапсырма. Суреттер бойынша диалогты толықтырып оқыңдар.

3- тапсырма.Суреттер бойынша әңгіме құрастырыңдар.

Қаланың солтүстігі

Қаланың оңтүстігі

Қаланың батысы

Қаланың шығысы

Ережемен жұмыс

Шығыс септігінің сұрақтары: кімнен? неден? қайдан?

Жалғаулары: -нан, -нен, -дан, -ден, -тан, -тен. Мысалы: оқушыдан, көшеден, т.б.

Көмектес септігінің сұрақтары: кіммен? немен? қалай?

Жалғаулары: -мен, -бен, -пен. Мысалы: оқушымен, кітаппен, т.б.

ІV. Бекіту бөлімі

Сұрақтар қою арқылы бекіту

V. Үйге тапсырма

«Менің ауылым» тақырыбында әңгіме жазу. 4- тапсырма.

VІ. Бағалау бөлімі

Сабаққа қатысы бойынша бағалау.

VІІ. Сабақты қорытындылау

 

Ещё уроки серии

Все 186 уроков
  1. Менің мектебім. Омоним.
  2. Менің пәтерім. Зат есім
  3. Менің ана тілім. Ашық буын.
  4. Менің атам мен әжем.Шылау.
  5. Метро деген не? Ілік және барыс септіктері.
  6. Мұрын мен құлақ. Жалғаулық шылау.
  7. Нан дастарқанға қалай келеді? Барыс септігі
  8. Наурыз мерекелері. Себеп үстеу.
  9. Нәтиже сабақ «Адам»
  10. Нәтиже сабақ «Еңбек. Мамандық».

Қазақ тілі в 5 классе

Все предметы 5 класса