Менің ана тілім. Ашық буын.

0
954

Сабақтың тақырыбы: Менің ана тілім. Ашық буын.

Сабақтың мақсаты: а) білімдік: тақырып бойынша жан-жақты мәлімет бере отырып,

ашық буынды түсіндіру, сауатты жазуға және сөйлеуге үйрету;

ә) дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту,

қызығушылығын арттыра отырып, танымдық көзқарастарын

қалыптастыру;

б) тәрбиелік: өз елін, жерін, Отанын сүюге, мемлекеттік тілді

құрметтеуге, қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: пысықтау сабағы

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, топтық жұмыс

Сабақтың көрнекілігі: кітап, сөздік

Пәнаралық байланыс: орыс тілі

Күтілетін нәтиже: ашық буынды меңгеру, өз ана тілі жөнінде өз пікірін айта білу;

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

– Оқушылармен амандасу – Кезекшінің мәліметі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

«Қазақ тілінің болашағы» тақырыбында әңгіме жазу. 3- тапсырманы тексеру.

ІІІ. Жаңа сабақ

1 – тапсырма. «Менің ана тілім» мәтіні бойынша топтық жұмыс.

1. мәтінді оқиды

2. мәтін бойынша сұрақ құрайды

3. мәтін бойынша жоспар құрайды

4. мәтінді мазмұндайды

2 – тапсырма. «Менің ана тілім» тақырыбындағы сөйлесуді жалғастыру.

– Сенің ана тілің қандай тіл?

– … .

– Сен өз ана тіліңде еркін сөйлесе аласың ба?

– … .

3 – тапсырма. Берілген сөйлемдерді буынға бөліп жазып, ашық буынды табу.

а.б. а.б. а.б. а.б.

Үлгі: Ме –нің а-на ті-лім – ө – те бай тіл.

ІV. Бекіту бөлімі

Сұрақтар қою арқылы бекіту.

V. Үйге тапсырма

1 – тапсырма (Мәтінді мазмұндау)

Берілген сөйлемдерді буынға бөліп жазу.

VІ. Бағалау бөлімі

Сабаққа қатысы бойынша бағалау.

VІІ. Сабақты қорытындылау