Менің қалам. Шығыс және көмектес септіктері.

0
622
биология

Сабақтың тақырыбы: Менің қалам. Шығыс және көмектес септіктері.

Сабақтың мақсаты: а) білімдік: тақырып бойынша жан-жақты мәлімет бере отырып,

шығыс, көмектес септіктерін түсіндіру , сауатты жазуға және

сөйлеуге үйрету;

ә) дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту,

қызығушылығын арттыра отырып, танымдық көзқарастарын

қалыптастыру;

б) тәрбиелік: өз елін, жерін, Отанын сүюге, мемлекеттік тілді

құрметтеуге, қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: пысықтау сабағы

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, суретпен жұмыс

Сабақтың көрнекілігі: кітап, сөздік, суреттер

Пәнаралық байланыс: орыс тілі

Күтілетін нәтиже: шығыс және көмектес септіктерін меңгеру, Алматы қаласы

жөнінде өз пікірін айта білу;

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

– Оқушылармен амандасу – Кезекшінің мәліметі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

Қатемен жұмыс. Өз қаласындағы немесе ауылындағы ең көрнекті жер туралы сурет салу және әңгімелеу.

ІІІ. Жаңа сабақ

Сөздік

оңтүстік – юг солтүстік – север

батыс – запад шығыс – восток

Суреттер бойынша «Қалада не бар?» сұрағына жауап беріңдер.

1 – тапсырма. «Алматыда» мәтінін оқып, сұрақтар қойыңдар. Мәтінді мазмұндаңдар.

2 – тапсырма. Суреттер бойынша диалогты толықтырып оқыңдар.

3- тапсырма.Суреттер бойынша әңгіме құрастырыңдар.

Қаланың солтүстігі

Қаланың оңтүстігі

Қаланың батысы

Қаланың шығысы

Ережемен жұмыс

Шығыс септігінің сұрақтары: кімнен? неден? қайдан?

Жалғаулары: -нан, -нен, -дан, -ден, -тан, -тен. Мысалы: оқушыдан, көшеден, т.б.

Көмектес септігінің сұрақтары: кіммен? немен? қалай?

Жалғаулары: -мен, -бен, -пен. Мысалы: оқушымен, кітаппен, т.б.

ІV. Бекіту бөлімі

Сұрақтар қою арқылы бекіту

V. Үйге тапсырма

«Менің ауылым» тақырыбында әңгіме жазу. 4- тапсырма.

VІ. Бағалау бөлімі

Сабаққа қатысы бойынша бағалау.

VІІ. Сабақты қорытындылау