Мектеп. Лексика.

0
814

Сабақтың тақырыбы: Мектеп. Лексика.

Сабақтың мақсаты: а) білімдік: тақырып бойынша жан-жақты мәлімет бере отырып,

лексиканы түсіндіру, сауатты жазуға және сөйлеуге үйрету;

ә) дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту,

қызығушылығын арттыра отырып, танымдық көзқарастарын

қалыптастыру;

б) тәрбиелік: өз елін, жерін, Отанын сүюге, мемлекеттік тілді

құрметтеуге, қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, кестемен жұмыс

Сабақтың көрнекілігі: кітап, сөздік, суреттер

Пәнаралық байланыс: орыс тілі

Күтілетін нәтиже: лексиканы меңгеру, өз мектебі жөнінде өз пікірін айта білу;

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

– Оқушылармен амандасу – Кезекшінің мәліметі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

Жазғы демалысты қалай өткізгендерін сұрау. Өтілген тақырыптарды еске түсіру.

ІІІ. Жаңа сабақ

1-тапсырма. Сөйлесуді толықтыру.

– Сенің ұлтың кім?

– … .

– Сенің атың, фамилияң кім?

– … .

– Сен нешінші сыныпта оқисың?

– … .

2 – тапсырма. Мәтінді оқып, сөйлемдерге сұрақтар қойып, көшіріп жазыңдар.

3 – тапсырма. «Кезекші» өлеңін оқып, мағынасын түсіндіріңдер.

Дайындаймын картаны,

Сүртем тақта, партаны.

Гүлдерге су құямын.

Қоқыс болса, жиямын.

Кезекшімін мен енді,

Тазартамын еденді.

Терезе, есік жуамын,

Шаң,тозаңды қуамын. (Ш. Мамасерікова)

Ережемен жұмыс

Лексика – сөз мағынасын және сөз байлығын зерттейтін ғылым.

ІV. Бекіту бөлімі

Сұрақтар қою арқылы бекіту

V. Үйге тапсырма

3-тапсырма (Өлеңді жаттау)

4 – тапсырма («Мектеп» тақырыбы бойынша кестені толтыру)

VІ. Бағалау бөлімі

Сабаққа қатысы бойынша бағалау.

VІІ. Сабақты қорытындылау