Қазақ тілі 5 класс на казахском

Мектеп. Лексика.

Опубликовано в 2018 году. Что изменилось в 2026–2027

Сабақтың тақырыбы: Мектеп. Лексика.

Сабақтың мақсаты: а) білімдік: тақырып бойынша жан-жақты мәлімет бере отырып,

лексиканы түсіндіру, сауатты жазуға және сөйлеуге үйрету;

ә) дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту,

қызығушылығын арттыра отырып, танымдық көзқарастарын

қалыптастыру;

б) тәрбиелік: өз елін, жерін, Отанын сүюге, мемлекеттік тілді

құрметтеуге, қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, кестемен жұмыс

Сабақтың көрнекілігі: кітап, сөздік, суреттер

Пәнаралық байланыс: орыс тілі

Күтілетін нәтиже: лексиканы меңгеру, өз мектебі жөнінде өз пікірін айта білу;

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

– Оқушылармен амандасу – Кезекшінің мәліметі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

Жазғы демалысты қалай өткізгендерін сұрау. Өтілген тақырыптарды еске түсіру.

ІІІ. Жаңа сабақ

1-тапсырма. Сөйлесуді толықтыру.

– Сенің ұлтың кім?

– … .

– Сенің атың, фамилияң кім?

– … .

– Сен нешінші сыныпта оқисың?

– … .

2 – тапсырма. Мәтінді оқып, сөйлемдерге сұрақтар қойып, көшіріп жазыңдар.

3 – тапсырма. «Кезекші» өлеңін оқып, мағынасын түсіндіріңдер.

Дайындаймын картаны,

Сүртем тақта, партаны.

Гүлдерге су құямын.

Қоқыс болса, жиямын.

Кезекшімін мен енді,

Тазартамын еденді.

Терезе, есік жуамын,

Шаң,тозаңды қуамын. (Ш. Мамасерікова)

Ережемен жұмыс

Лексика – сөз мағынасын және сөз байлығын зерттейтін ғылым.

ІV. Бекіту бөлімі

Сұрақтар қою арқылы бекіту

V. Үйге тапсырма

3-тапсырма (Өлеңді жаттау)

4 – тапсырма («Мектеп» тақырыбы бойынша кестені толтыру)

VІ. Бағалау бөлімі

Сабаққа қатысы бойынша бағалау.

VІІ. Сабақты қорытындылау

 

Ещё уроки серии

Все 186 уроков
  1. Мектеп кабинеттері. Антоним.
  2. Мектеп ғимараты. Синоним.
  3. Мемлекетіміз туралы не білуіміз керек? Септеулік шылау
  4. Мен және менің досым. Ілік септігі.
  5. Менің ауылым. Қаратпа сөз.
  6. Менің досым. Жатыс септігі
  7. Менің досымның мінезі. Реттік сан есім.
  8. Менің елім – Қазақстан. Негізгі және туынды зат есім.
  9. Менің мекен – жайым.
  10. Менің мектебім. Омоним.

Қазақ тілі в 5 классе

Все предметы 5 класса