Мүзафар Әлімбаев

0
145
география

Балалар дың сүйікті жыршысы

(М.Әлімбаевтың шығармашылығына арналған әдістемелік құрал)

О л алуан қырлы талантты ақын

Д.Әбілов

Кіріспе орнына

Қымбатты достым, қалай ойлайсыз, қазіргі қазақ әдебиеті мен поэзиясында жалпақ жұрттың жаңадан тіл ашқан бүлдіршінінен бастап, аз-көп жасаған ғұмырында әлденеше қыр асқан қариясына дейін жаппай оқитын да танитын қаламгер бар ма? Бар! Ол – қазақтың көрнекті ақыны, балалардың сүйікті жыршысы, Қазақстанның халық жазушысы, туған республикамыздың Әнұранының авторларының бірі – Мұзафар Әлімбай!

Бүгін қазақ әдебиетінде де , балдырған бағында да үлкен той, мереке. Алғашқы қадамын Павлодар облыстық “Қызыл ту” газетінде жарық көруден басталған өлеңдері қазір том-том болып халқымыздың рухани қазынасына айналған, бүгінде қазақ поэзиясының құнарлы топырағына қаққан қазығы нық, нығыз, асқар биік шығармашылық тұлға – Мұзафар Әлімбай сексен жасқа толып отыр.

Ақынның “Естай-Хорлан”, “Менің Қазақстаным”, “Ту тіккен” секілді эпикалық туындылары жыр сүйер жұрттың жүрегіне жол тауып, таңдаулы шығармалар қатарынан орын алды. Ондаған жылдар бойы ауыздан түспей шырқалып келе жатқан “Ақмаңдайлым”, “Өзің де жігіт, қызықсың”, “Маралдым”, балаларға арналған “Мұғалім ол біздің”, “Көшпелі фонтан”, “Бесік жыры”, “Қартаймайсың, жан ана” қатарлы көптеген ән-өлеңдері халықтың сүйікті туындысы болып кетті. Қаламгердің естеліктері мен эсселері, мақал-мәтелдері мен көңіл күнделіктері де оқырмандар көңілінен шыққан тартымды дүниелер. Халықтың ауыз әдебиеті – қанатты сөздер, мақал-мәтелдерді зерттеп, жинастырған “Маржан сөз”, “Мақал-мәтелдер” секілді кітаптары халықтың күнделікті қажетсінер дүниесіне айналды.

Сондай-ақ ол айтулы публицист, майталман аудармашы, әдебиет зерттеуші. Ақынның бұл қырларының қай-қайсы да-қазақ әдебиетінде өзіндік орны бар, мәуелі бұтақтар. Үздіксіз, әрі дәмді, мол жемістер беріп келе жатқан бұтақтар. Шындығын айтсақ, бізге үлкендер ақыны, аудармашы, сыншы, очеркші, ән-өлеңші, ұстаз, редактор М.Әлімбайдың қай-қайсысы да қымбат. Алайда, әсіресе соңғы ширек ғасыр көлемінде, қаламгер есімі аталса болды, алдымен балалар ақыны М.Әлімбайдың ойға оралары анық.

Әлемдегі қай елде болмасын балалар әдебиетіне, балалар ақын-жазушыларына деген көзқарас пен құрмет ерекше. Неге десең, балаларға арнап қызықты шығармалар жазу екінің бірінің еншісіне тие бермейді. “Бесік жырынан” басталатын балғындар өлеңінің әйтеуір бір құдіреті бар. Соған қарағанда, ән-өлең бала бойына ана сүтімен бірге таралатын болу керек. Әйтпесе, бөбекті өлеңмен қалай ұйықтатып, өлеңмен қалай оята алады? Дүниеден хабары жоқ, бесікте жатқан сәбиді өз ырқына көндіріп, өз дегенін істететін – өлеңнен артық керемет бола ма? Бөбектерге арнап өлең жазудың қиындығы да осында болса керек. Өйткені, ол барлық жырдың нәрі, барлық жырдың басы ғой…

М.Әлімбай – қазіргі балалар әдебиетінің ата буынына қосылған көрнекті қайраткері,тәлімгері. Ақынға 1984 жылы “Аспандағы әпке” атты балаларға арналған жыр кітабы үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығы берілді. Бұл сыйлықтың бөбектердің сүйікті ақыны – Мұзафарға берілуі әбден орынды. М.Әлімбай балалар әдебиетінің қалыптасып дамуына өзінің әр жастағы баланың ой – өрісіне сай лайықталған азаматтығы асқақ, мұраты асыл, тілі шұрайлы, қызық оқиғалы, күлдіргі әрі тапқырлығы жағынан әр алуан ойлы туындылары бала психологиясының нәзік сырына жетік білгірлігін танытады. Оның шығармалары мектеп оқулықтарынан тұрақты орын алған. Өлеңдерін оқып тілі шыққан бүлдіршіндеріміз қазақ халқының бойындағы асыл қасиеттерін, қазақ сөздерінің ғажайып нәрін Мұзафар ағамыздан үйреніп келеді.

Осыған орай, Сапарғали Бегалин атындағы Республикалық балалар кітапханасы Мұзафар атаның ұзақ ғұмыр, қажымас қайрат тілей отыра осы келе жатқан 80 жастық торқалы тойы қарсаңына арнап жазылған “Балалардың сүйікті жыршысы” атты әдістемелік құралды назарларыңызға ұсынады.

Балалар оқуының жетекшілері мектеп жасына дейінгі және бастауыш сынып оқырмандары арасында “Балдәурен шіркін балалық” атты кітап көрмесін ұйымдастырып, ақынның шығармашылығына арнап ойын – сабағын өткізіп, поэзия әлеміне саяхаттар жасауына болады. Сонымен қатар, “Ақсерек те көксерек”, “Аспандағы әпке”,”Қоянның құлағы неге ұзын?” және тағы басқа кітаптары бойынша дауыстап оқу, ойын, сауалнамалар өткізулері керек.

4-5 сынып оқырмандары арасында “Мұзафар Әлімбай-балаларға” деген тақырыпта кітап көрмесін ұйымдастырып, оның өмірі мен шығармашылығы туралы әңгіме өткізіп, ақынның кітаптарындағы өлеңдері бойынша сурет байқауын жариялауға, “Ойлы жыр, орамды тіл” деген тақырыпта мәнерлеп оқу сайысын, “Аңыз бенен ертегі еліктіре ертеді” атты әдеби ойын өткізуге болады.

Ақын өмірі мен шығармашылығына байланысты ұйымдастырылған көрмеге міндетті түрде шолу жасау керек. бойынша көрме ұйымдастырғанда, міндетті түрде кітаптарға шолу өткізу қажет. Ақынның жинақтарындағы ән-ойындарды, жұмбақтарды, аңыз-ертегілерді пайдаланып, кіші-гірім ойын өткізу арқылы балаларды кітап оқуға қызықтыруға болады. Көрме жанына “Маған ұнаған шығарма” деп жазылған дәптер іліп қоюға болады. Оқырмандар ақын шығармашылығынан алған әсерін осы дәптерге жазып отырады. Көрмедегі кітаптар бойынша кітапханада “Мәнерлеп оқу” байқауы жарияланады. Байқаудың соңында белсенді қатысқан оқырмандарды атап өткен жөн.

Жоғары сынып оқырмандары арасында “Мұзафар Әлімбай – 80 жаста атты кітап көрмесін ұйымдастырып, оған библиографиялық шолу өткізуге және “Поэзия патшалығында” деген тақырыпта поэзия кешін ұйымдастыруға болады.

Әдістемелік құралда берілген өлең, ән, жұмбақ-жаңылтпаш, ертегі-аңыз, нақыл сөздердің барлығы ақын шығармашылығынан алынған.

Сонымен, іске сәт әріптес! Кәрі де, жас та, бала да жырына құмар Мұзафар атамыздың тәрбиелік мәні зор шығармаларын әлі де сан ұрпақ қанына сіңіріп, бойына дарытып, ойына нәр ете беретініне сенеміз.

Сексенге келді Мұзата

Әдеби ертеңгілік

Шара өткізілетін жерде кітап көрмесі ұйымдастырылады. Мұзафар Әлімбаевтың суреті, ол туралы қанатты сөздер ілінеді. Бөлмеде шар, ойыншықтар мейлінше көп болса, ертеңгілік әсерлі өтіп, балалардың есінде көп уақытқа дейін сақталады.

Бұл шараны өткізбес бұрын, кітапханашы оқырмандарға ақынның тақпақтары, аңыз-ертегілері бойынша сурет салып келуге тапсырма беріп, хабарландыру іліп қояды. Ертеңгілік болатын күні балалардың суреттерін жинап алып, сол суреттер бойынша көрме жасағандарыңыз жөн. Ертеңгіліктің соңында жақсы салынған суреттерді, белсенді қатысқан оқырмандарды атап өту керек..

Қатысушылар: кітапханашы, Ая (ақын өлеңінің кейіпкері), Білгішбек, Ертеңбай (ертегі кейіпкері), көркемсөз оқушылар.

Ертеңгілік “Алтай вальсі” әнімен басталады.

Сөзі: М.Әлімбаевтікі, әні: Р.Байқадамаовтікі

Жүргізуші:

Балалар, білесіңдер ме,

Эфирден ақтарылып жыр есілгенде,

Осыны біздерге арнап кім жазды деп,

Атына көңіл қойып жүр е сіңдер ме?

Атына көңіл қойып жүрсіңдер ме,

Жасы үлкен жақын достарың,

Білесіңдер ме?…

“Балдырғанды” шығарып,

Сан ұрпақты

Қанша жыл жырларымен таңырқатты.

Айтады мың алғысын ағаларың

Өлеңнің татып өскен балын тәтті.

…Білмесеңдер, балалар,

Біліп алыңдар,

Кәрі де, жас та,

Бала да…жырына құмар

Сексенде бүгін Мұзафар аталарың.

Мұзафар Әлімбаев!

Ұғып алыңдар.

Көркемсөз оқушы:

Тамсантып, тамылжытып әнін көкке

Өрлетті “Ақсұңқары” мәлім көпке.

Содан шығар,

Жыр сүйген жалпақ елі

Біледі Мұзафарды МӘЛІМ деп те.

Мұзафар Әлімбаев – Мәлім аға,

Өзіңдей бала жанын жан ұға ма?

Жаңғырған жырдың биік жотасында

Кезігіп жүрейікші тағы да, Аға,

Балдырған балалардың бағына, Аға!

Жүргізуші: Еслам Зікібаев ағаларың жырлағандай , бүгін балдырған дар елінде үлкен той. Республикамыздың айтулы ақыны Мұзафар Әлімбай аталарыңның есімін білмейтін кісі кем де кем. Еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін біледі десек, қателеспейміз. Өйткені Мұзатамның өлең – тақпақтарын тілі жаңа шығып келе жатқан сәбиден бастап жаттап, өлеңіне жазылған әндерді шырқап өседі. Мұзаталарыңның өздеріңе арнап жазған өлең-жырлары да том-том. Өлеңдер, дастандар ғана емес, әңгімелер дейсің бе, эссе, естеліктер дейсің бе, мақал-мәтелдер дейсің бе, аудармалар дейсің бе – толып жатыр. Сан ұрпақты көптеген жылдар ішінде жырларымен сусындатып, таңырқатқан Қазақстанның халық жазушысы, туған республикамыздың Әнұранының авторларының бірі – Мұзафар Әлімбай сексен жасқа толып отыр. Балалар, бүгінгі ертеңгілігімізге бәріңе жақсы таныс “Аяның алақаны” кітапшасының кейіпкері Ая қызды шақырдық. Ол аталарың туралы көптеген қызықты әңгімелер алып келді.

Мұқабасына “Мұзафар ата өлеңдері мен ертегілері” деген жазуы бар үлкен кітапты қолына ұстаған Ая роліндегі қыз бала келеді.

Ая: Балалар, сәлеметсіңдер ме? Мен “Аяның алақаны” кітабының кейіпкері – Ая қызбын және ақын Мұзафар аталарыңның туған немересімін. (Қолындағы кітапты ашып) Біз бүгін атамыздың балаларға арнап жазған өлеңдерімен танысамыз. Достар, мен жалғыз келген жоқпын, менімен бірге сендердің сүйікті жыршыларың Мұзафар атаның шығармашылығымен жақсы таныс, кішкене кезінен оның өлеңдерін сүйіп оқитын Білгішбекті және еріншек бала туралы ертегісінің кейіпкері Ертеңбайды бірге ала келдім.

Білгішбек ортаға шығып балалармен амандасады. Ертеңбай келе қоймайды.

Ая : Ертеңбай, қайдасың? Балаларға келіп амандассаңшы.

Есіктің арғы жағынан Ертеңбайдың даусы естіледі.

Ертеңбай: Ая, мен саған айттым ғой, балаларға ертең барайық деп.

Білгішбек: Осы, Ертеңбай-ақ ертең, ертең деуден жалықпайды. Ертеңбай, кітапханадағы балалармен кездесуіміз ертең емес, бүгін ғой, тездетсеңші.

Ая: Еріншектер елінде

Болған екен бір бала:

Текке келген өмірге

Түк түсінбес дүңгәна.

Шөпшек теріп қырдан көп

Әкел!- десе анасы,

Қойшы, ертең де күн бар!- деп

Кіржиіпті баласы.

Балалар, Ертеңбайды таныдыңдар ма?

Аяғын әрең басып Ертеңбай келеді.

Ертеңбай: Мен Мұзафар атамыздың “Еріншектер елінің еріншек Ертеңбайы” ертегісінің кейіпкері – Ертеңбаймын. Балалар, мына Ая мен Білгішбек жол бойы атамыздың қызық-қызық тақпақ, аңыз-ертегілері бар екенін айтып келді. Мен…, мен болсам ештеңе білмеймін. Бәрін ертеңге ысырып келе жатырмын. Білгішбек, сенің әңгімелеріңді мен де тыңдайыншы.

Білгішбек: Жарайды, Ертеңбай, тыңда. М.Әлімбай атамыз балаларға арнап жазған өлеңдерінен басқа үлкендер поэзиясы, қазақ әдебиетінің дамуы, тіл тазалығы, жекелеген қаламгерлер шығармашылығы, тағы басқа мәселелер туралы жүздеген мақала, эсселер, көптеген әннің өлеңін жазған қаламгер. Оның “Менің ойыншықтарым”, “Балдәурен, шіркін, балалық”, “Ақсерек те көксерек”, “Аспандағы әпке” секілді үлкен – үлкен кітаптары көпшілік көңілінен шығып, ондаған жылдар бойы кішкентай бүлдіршіндер мен жасөспірімдердің сүйікті кітаптарына айналды.

Ая: (Тағы да қолындағы кітапқа үңіліп) Мұзафар ата – бала көңілін тауып, бала болып ойлап, бала сияқты жақсылықтан үйреніп, жамандықтан жирене білген, сол үшін де балаларға арнап ой тербеген қаламгер. Әрі бағбан, әрі бапкер, әрі сазгер, әрі ұстаз. Өмірге енді-енді өз көзімен қарай бастаған жанның зердесі сұлулық ұялата алса, қандай ғанибет! Үлкендер ақыны, аудармашы, сыншы, очеркші, ән – өлеңші, ұстаз – атамыздың өзіндік орны бар бұл қырларының қай – қайсысы да қымбат. Көріп отырсыңдар, менің атам – сегіз қырлы, бір сырлы қаламгер болып шықты. М.Әлімбай дана бола білгендіктен де оның өлеңдерінде мол білім, алуан өмір шындығы, әдіс – тәсілдер әртүрлілігі, жанр байлығы

 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Предыдущая статьяМоя любимая школа
Следующая статьяНадежда

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите свой комментарий!
Пожалуйста, введите ваше имя здесь