Ұлт ұстаздары

0
970
кабинет

Ұлтымыздың ұлы ұстаздары

Шындығында қазақ баласын оқуға, білім мен ғылым жарығына шақырған бұл өлең Ресей патшалығының орыс миссионерлерін жіберу арқылы қазақ даласын жаулай бастаған жылдары жазылғандығы анық. Сондағы алғаш рет ұлы даладан мектептер ашу ісінің мәнісі де түсінікті – қазақты ұлт ретінде жою. Яғни, Патшалы Ресей қазақты орыстандырып, православие дініне мойынсындырсам деген ниетінен барып қана қазақ сахарасында алғашқы миссионерлік мектептер ашылды. Бұл жөнінде ұлт көсемі Ахмет Байтұрсынұлы «Закон жобасының баяндамасы» атты «Қазақ» газетінде шыққан топтама мақаласында арнайы тоқталып өтеді. Онда автор былай деп жазады: «Дін жұмысы туралы 1822 жылғы Сібір уставында айтқан: бұ күнгі қазақтардың дінінде мұсылмандықтан мәджусилік (отқа табынушылық) мол, сондықтан да бұларды христиан дініне кіргізуге үміт бар. Облостной кәкімдер қазақ ішіне миссионер жіберуін сұрау керек. Миссионерлер қазақты зорламақ, өз еріктерімен христиан дініне үгіттеу керек… (Басқарма)». Осы тарихи деректің өзі мәдени-рухани тәсілмен жүргізілген отарлау саясатын ашық көрсетеді. Бірақ, діни миссионерлердің бұншалықты ұлтты жоюға бағытталған сорақы қам қаракетінен ештеңе шыға қоймады. Сол кездердің өзінде миссионерлер мектебінің табалдырығын аттағандар, яғни жат пиғылдылардың тәрбиесін көргендердің өзі түптеп келгенде ғылым мен білімге ізденістерін өздігінен дамытып, өз ұстаздарының мақсатын жүзеге асыруға емес, ұлтының білімді болуына қызмет ету жолын таңдағаны, сол бағытта табандылық танытқаны анық. Сондай ұлы тұлғаның бірегейі һәм қазақтың ұлттық ағарту ісінің атасы – Ыбырай Алтынсарин.

1926 жылы қазанның 29-ында Қазақстанның Халық ағарту комиссары Смағұл Сәдуақасов Тәшкентте педагогикалық жоғары оқу орнының ашылу салтанатындағы «Жоғары оқу орнының Қазақстан үшін маңызы» атты баяндамасында қазақ елін сауаттандыру ісіндегі Ы. Алтынсариннің еңбегін жоғары бағалайды. «Өткен ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген Ыбырай Алтынсарин деген қазағымыз болған. Ы. Алтынсарин – орыс мәдениетімен көрші қонған алғашқы қазақтың бірі. Біреуден қаймыққандығынан емес, өзінің ар иманымен православие миссионерлеріне көмектескен адам, орыс қазақ мектептерін алғаш ұйымдастырған да, қазақ жазуын орыс әліппесіне көшіруді көздеген де осы кісі. Ол әйгілі орыс оқымысты миссионері Ильминскийдің досы болатын, соған қалтқысыз көмектесті. Міне, дәл осы Алтынсарин өзі өлер алдында қазасын аза тұтуға бірде бір орыс адамының араласпауын сұрап, тіптен олардың «маған етене жақын жүргені болса да араластырмаңдар» деп тапсырған. «Жаназама тоқсан тоғыз молда шақырыңдар», деп өсиет қалдырған. Бұл, әрине, көзі ашық деген зиялы қазақтың басындағы трагедия еді. Орыстармен ұзақ жыл үзеңгілес өмір кешкен пенденің көңіліне түйгені, орыс миссионерлерінің қазақ жұрты үшін еш жақсылық ойламайтынына көзі әбден жеткен пенденің көкірегіндегі қасіреті болатын. Бәлки, бұл оның тіршілікте өз қолымен жасаған күнәсін қазақ деп қарс айрылған жүрегінің жантәсілімдегі айыптаулары болар. Қалай болғанда да, ол бәлен жыл бірге істеп, біте қайнасқан орыс ымыраластарынан безген», дейді С. Сәдуақасов. Тоқтала кететін жайт, Ыбырай Алтынсарин миссионерлік пиғылға қанша араласқанымен де, яки қазақ жастарына ана тілімен қатар орыс тілін де үйретуге күш салғанымен де оның ұстаздық мақсаты айқын болды. Бұл мақсат қазақ баласына ғылым, білімнің әр саласын терең меңгерту, қазақтың жастарын оқыту арқылы өркениетке қадам бастыру болып табылады.

Ыбырай Алтынсарин өзі ашқан мектептерде ана тілінің таза оқытылуына көңіл бөліп, алғашқы тілашар ретінде халықтың ауыз әдебиетін пайдаланып, өзі де ұрпақ тәрбиесіне арналған әдеби шығармалар жазды. Сол әдеби шығармалары арқылы қазақтың жазба әдебиетінің, әдеби тілінің негізін қалаушылардың бірі болды. Әдебиетке тың тақырыптар әкеліп, озық ойлар енгізді.
Оның мазмұнды да мағыналы әсем лирикалық өлеңдері, әсерлі әңгімелері, мысалдары қазақ әдебиетінің тарихында өшпес орын алады. Осы тұрғыдан алғанда, қазақ балалар әдебиетінің негізін салушы Ы. Алтынсариннің тіл тазалығы үшін күрескерлігі, педагогикалық ілімнің тұңғыш кемеңгері екендігі мойындалады.

Ал қазақ даласындағы оқу ағарту мәселесін іс жүзінде тұңғыш рет қолға алған Ы. Алтынсарин болса, оның салған ағартушылық жолын ілгері жалғастырып, дамытушы ірі ғалым, көсемсөз шебері, әдебиет зерттеуші, тюрколог, дарынды ақын-аудармашы Ахмет Байтұрсынұлы. Яғни, қазақтың «екінші Алтынсарины» аталған А. Байтұрсынұлы саналы ғұмырын білімге арнап, кейінгі ұрпақ үшін ағартушылық жолды барынша жеңілдеткен ғұлама. Ол қазақ даласындағы білім берудің, мектептердің жайын, бала оқытудың жолдары мен тәсілдерін тек баспасөз жүзінде ғана көтеріп қоймай, өзінің бар ықыласын оқу мен білім әдістеріне аударып, осы жолда мол қазына қалдырған, өлмес мұра жасап кеткен данышпан ғалым.

«Адамдық диқаншысы қырға шықтым,
Көлі жоқ, көгалы жоқ – қорға шықтым.
Тұқымын адамдықтың шаштым, ектім,
Көңілін көгертуге құл халықтың» –

немесе,

«Тән көмілер, көмілмес еткен ісім,
Ойлайтындар мен емес бір күнгісін
Жұрт ұқпаса, ұқпасын, жабықпаймын
Ел бүгіншіл, менікі- ертеңгі үшін»,

– деп, айтатын Ахмет Байтұрсынұлы – ұлттық деңгейде дәріптелуі тиіс ұлы ұстаз. Ол қазақ тілінің тұңғыш әліппесі мен оқулықтарының авторы, соныдан із салған жаңашыл ағартушы ғалым. А. Байтұрсынұлының жазған мектеп оқулықтары 1914 жылдан бастап 1928 жылдарға дейін пайдаланылып келді. Одан кейінгі күндері де, бүгінгі күні де ғалымның еңбегі еш ескірген емес. Қазақ оқушыларының бірнеше буыны сауатын Байтұрсынұлының «Әліпбиімен» ашып, ана тілін Байтұрсынұлының «Тіл құралы», «Оқу құралы» арқылы оқып үйренді.

Ы. Алтынсарин балаларды оқуға үндегенде «Бір Аллаға сыйынып, Кел балалар оқылық!», деп бастаса А. Байтұрсынұлының «Оқу құралы. Қазақша алифба» (Орынбор 1912 жылы басылып шыққан) оқулығы «Би исми иллаһи рахмани рахим!», деп Құран сөзімен ашылады. Одан соң барып:

«Балалар, бұл жол басы даналыққа,
Келіңдер, түсіп, байқап қаралық та!
Бұ жолмен бара жатқан өзіңдей көп,
Соларды көре тұра қалалық па?
Даналық өшпес жарық, кетпес байлық,

Жүріңдер іздеп, тауып алалық та!», деген насихаттық жыры жазылады. Тағы бір өлеңінде:

«Балалар, оқуға бар, жатпа қарап,
Жуынып, киініңдер шапшаңырақ.
Шақырды тауық мана әлдеқашан,
Қарап тұр терезеден күн сығалап»,

– деген өлең шумақтарымен балаларды мектепке, оқуға шақырады.
Деректерге сүйенсек, ұлт ұстазының «Тіл құралы» жиырма бес рет, «Әліпбиі» жеті рет басылып шыққан екен. Сондай ақ, қазақ мұғалімдері үші жазылған «Баяншы» оқулығы сегіз мың тиражбен, «Оқу құралы» елу мың данамен, «Тіл құрал» бірінші жылдық – отыз бес мың, «Тіл құрал» екінші жылдық – жиырма бес мың, «Қырық мысал» бес мың, «Маса» кітабы бес мың данамен таралған екен. Бұдан басқа ғалымның «Нұсқаушы», «Әліппе астары», «Сауат ашқыш», «Әдебиет танытқыш» секілді бірқатар оқулықтары да бары белгілі. Арнайы оқулықтар тапшы болып тұрған тар заманда жұртшылықтың біліммен сусындауына төте жол салып берген А. Байтұрсынұлының еңбегі орасан зор, білімге талпынған қазақтың да сол еңбектерден алған пайдасы мол болды. Әрі бұл оқулықтардың қай қайсысы да сол кезеңдерде тек қазақ арасында ғана емес, көршілес елдерде де теңдессіз деп танылған. Орыс ғалымдарының өзі А. Байтұрсынұлының тарихта алатын құрметті орнын ғылыми дәлелдермен жазып қалдырған. Мәселен, 1929 жылы орыстың ғалым қайраткерлерінің басшылығымен басылып шыққан «Литературная энциклопедия» баспасында А. Байтұрсынұлы туралы: «Байтұрсынов является и первым выдаюшимся казахским ученым-лингвистом. Он – реформатор орфографии казахского языка, основоположник его грамматики и основатель теорий казахский литературы», деп жазады.

А. Байтұрсынұлының қазақ тілінің терминін қалыптастырудағы еңбегі де ұлттық білімдегі көп істі біршама жеңілдетіп, осы бағыттағы алға жылжуды барынша ілгерілетті. Мәселен, термин қалыптастыруда қазақ тілінің мүмкіндіктерін кеңінен пайдаланған ғалым бүгінгі қолданып жүрген басты басты ғылыми терминдерді қалыпқа түсіріп берді. Қарапайым мысал ретінде айтсақ – зат есім, сын есім, сан есім, етістік, одағай, үстеу, шылау, леп белгісі, сұрау белгісі секілді тіл ғылымының терминдерінің баршасы А. Байтұрсынұлының жасаған еңбегі. Әйтпесе, оған дейін Ы. Алтынсарин оқулықтарындағы терминдер «нәрселердің аттары» (имя существительное), «зат мақұлықтың аттары» (имя прилагательное), «есеп аттары» (имя числительное) деген секілді түсіндірілген екен.

А. Байтұрсынұлының бала оқыту мәселесіндегі әдістері де, білім беру ісіндегі ол көтерген проблемалар да бүгінгі күні өзектілігін жойған жоқ. Қайта, соңғы кездері ұлт ұстазының қолданған әдістемелерін жаңғырта түсу қажеттілігі қатты сезіледі. Бұл тұрғыда қазақ балаларына өзінің ана тілінде біліммен сусындату мәселесінің де маңызы зор болмақ. А. Байтұрсынұлы сол кезеңдердің өзінде материалдық базасы мықты болып тұрған орыс мектептерінің қазақ балалары үшін келтірер пайдасы шамалы екендігін ашық айтады. «Олардың пайдасын кемітіп отырған бір ақ нәрсе: қазақты орысқа аудара

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите свой комментарий!
Пожалуйста, введите ваше имя здесь