Сабақ №20
Сабақтың тақырыбы: Квадрат теңдеу. Квадрат теңдеудің түрлері тақырыбын қорытындылау.
Сабақтың типі: жаңа материалды бекіту
Сабақтың мақсаты:
Білімділік мақсаты: оқушылардың толымсыз квадрат теңдеулерді шеше білу бейімділіктерін одан әрі дамыту, алған білімдерін бекіту. Есеп шығаруға машықтандыру.
Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың ойлау қабілетін, есте сақтау қабілетін дамыту. Есептеу дағдысын жетілдіру.
Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды өз бетінше белсене араласуға, ізденуге, тез ойлап, тез қорытуға және сөйлеу мәнерін тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: Деңгейлеп саралап оқыту. Түсіндірмелі сұрақ – жауап.
Практикалық жұмыс.
Көрнекілігі: Кестелер, формулалар, компьютер, бағалау парағы
Сабақтың барысы
1. Ұйымдастыру.
2. Үй жұмысын тексеру. №118, №119
3. Ой-толғау. (оқушылар топқа бөлінеді де сұрақтарға жауап береді)
1-топқа:
1. Квадрат теңдеу деген не?
2. Мысал келтір
2-топқа:
3. Келтірілген квадрат теңдеу деген не?
4. Мысал келтір.
3-топқа:
5. Толымсыз квадрат теңдеу деген не?
6. Мысал келтір.
4. Кім жылдам?
Есептер жинағынан тапсырмалар беріледі. Оқушылар тақтада орындайды.
1-топқа: №82 (1), №84(1), №86(1), №89 (1)
2-топқа: №82 (2), №84(2), №86(2), №89 (2)
3-топқа: №82 (3), №84(3), №86(3), №89 (3).
5. Өзіндік жұмыс. (барлық топтарға 1 тапсырма беріледі, соңында дұрыстығын интерактивті тақтада тексереді)
1. а=-2, в=3, с= болғандағы квадрат теңдеуді құр.
2. теңдеуін түріне келтіріп, а,в,с-ның мәндерін анықта.
3. Теңдеуді шеш.
4. а-ның қандай мәндерінде және өрнектерінің мәні бірдей болады?
6. Қорытынды. Сабақта не үйрендік?
5. Үй жұмысы. №82 (4), №84(4), №86(4), №89 (4)
6. Бағалау. (бағалау парағындағы ұпайлар саны саналады)