Математика 8 класс на казахском

Квадрат теңдеу. Квадрат теңдеудің түрлері тақырыбын қорытындылау.

Опубликовано в 2018 году. Что изменилось в 2026–2027

Сабақ №20

Сабақтың тақырыбы: Квадрат теңдеу. Квадрат теңдеудің түрлері тақырыбын қорытындылау.

Сабақтың типі: жаңа материалды бекіту

Сабақтың мақсаты:

Білімділік мақсаты: оқушылардың толымсыз квадрат теңдеулерді шеше білу бейімділіктерін одан әрі дамыту, алған білімдерін бекіту. Есеп шығаруға машықтандыру.

Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың ойлау қабілетін, есте сақтау қабілетін дамыту. Есептеу дағдысын жетілдіру.

Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды өз бетінше белсене араласуға, ізденуге, тез ойлап, тез қорытуға және сөйлеу мәнерін тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: Деңгейлеп саралап оқыту. Түсіндірмелі сұрақ – жауап.

Практикалық жұмыс.

Көрнекілігі: Кестелер, формулалар, компьютер, бағалау парағы

Сабақтың барысы

1. Ұйымдастыру.

2. Үй жұмысын тексеру. №118, №119

3. Ой-толғау. (оқушылар топқа бөлінеді де сұрақтарға жауап береді)

1-топқа:

1. Квадрат теңдеу деген не?

2. Мысал келтір

2-топқа:

3. Келтірілген квадрат теңдеу деген не?

4. Мысал келтір.

3-топқа:

5. Толымсыз квадрат теңдеу деген не?

6. Мысал келтір.

4. Кім жылдам?

Есептер жинағынан тапсырмалар беріледі. Оқушылар тақтада орындайды.

1-топқа: №82 (1), №84(1), №86(1), №89 (1)

2-топқа: №82 (2), №84(2), №86(2), №89 (2)

3-топқа: №82 (3), №84(3), №86(3), №89 (3).

5. Өзіндік жұмыс. (барлық топтарға 1 тапсырма беріледі, соңында дұрыстығын интерактивті тақтада тексереді)

1. а=-2, в=3, с= болғандағы квадрат теңдеуді құр.

2. теңдеуін түріне келтіріп, а,в,с-ның мәндерін анықта.

3. Теңдеуді шеш.

4. а-ның қандай мәндерінде және өрнектерінің мәні бірдей болады?

6. Қорытынды. Сабақта не үйрендік?

5. Үй жұмысы. №82 (4), №84(4), №86(4), №89 (4)

6. Бағалау. (бағалау парағындағы ұпайлар саны саналады)

 

Ещё уроки серии

Все 19 уроков
  1. Арифметикалық квадрат түбірдің қасиеттері.Есептер шығару.
  2. Квадрат түбірлері бар өрнектерді түрлендіру.
  3. Ықтималдық теориясы туралы түсінік және математикалық статистика.
  4. Квадрат теңдеу. Квадрат теңдеудің түрлері.
  5. Квадрат теңдеу. Квадрат теңдеудің түрлері тақырыбына есептер шығару
  6. Квадраттық теңдеу түбірлерінің формулалары
  7. Квадраттық теңдеу түбірлерінің формулаларына есептер шығару
  8. Виет теоремасы
  9. Қорытындылау сабағы
  10. Квадраттық теңдеуді түбірлерінің формуласын пайдаланып шешу.

Математика в 8 классе

Все предметы 8 класса