Көктем табиғаты. Мезгіл, мекен үстеу.

0
1112
шрифт

Сабақтың тақырыбы: Көктем табиғаты. Мезгіл, мекен үстеу.

Сабақтың мақсаты: а) білімдік: тақырып бойынша жан-жақты мәлімет бере отырып,

мезгіл және мекен үстеуді түсіндіру, сауатты сөйлеу мен

жазуға үйрету;

б) дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту,

қызығушылықтарын оятып, танымдық көзқарастарын

қалыптастыру;

в) тәрбиелік: өз елін, жерін сүюге, мемлекеттік тілді құрметтеуге,

қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: пысықтау сабағы

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, суретпен жұмыс

Сабақтың көрнекілігі: кітап, сөздік, инт. тақта, суреттер

Пәнаралық байланыс: орыс тілі

Күтілетін нәтиже: мезгіл және мекен үстеуді меңгеру, көктемгі табиғат туралы өз

ойларын айта білу;

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

– Оқушылармен амандасу – Кезекшінің мәліметі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

1 – тапсырма (Өлеңді жаттау). Үстеулерді қатыстырып 7 сөйлем құрау.

ІІІ. Жаңа сабақ

1 – тапсырма. Сурет бойынша сөйлем құрастырыңдар.

Көктемде күн жылынады

Көктемде қар ериді.

Көктемде құстар жылы жақтан ұшып келеді.

Көктемде жасыл шөптер шығады.

2- тапырма. Үстеулердің аудармасын оқып, жаттаңдар. Сөйлем құраңдар.

кеше (вчера) жоғары (вверх)

бүгін (сегодня) артқа (назад)

Мезгіл үстеу қазір (сейчас) Мекен төмен (вниз)

кеш (поздно) үстеу кейін (назад)

ерте (рано) ілгері (вперед)

Тапсырма. Берілген сөйлемдерден мекен және мезгіл үстеулерді табыңдар.

Ережемен жұмыс

Үстеу – заттың, қимылдың жай-күйін, мезгілін, т.б. білдіретін сөз табы.

Мезгіл үстеу – қимылдың мезгілін білдіретін үстейдің түрі. Мысалы: ертең, кеше, т.б.

Мекен үстеу – қимылдың мекенін білдіретін үстеудің түрі. Мысалы: ілгері, кейін, т.б.

ІV. Бекіту бөлімі

Сұрақтар қою арқылы бекіту

V. Үйге тапсырма

3-тапсырма (Сурет бойынша әңгіме құрау)

VІ. Бағалау бөлімі

Сабаққа қатысы бойынша бағалау.

VІІ. Сабақты қорытындылау

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите свой комментарий!
Пожалуйста, введите ваше имя здесь