Көктемде. Мөлшер үстеу.

0
646
физика

Сабақтың тақырыбы: Көктемде. Мөлшер үстеу.

Сабақтың мақсаты: а) білімдік: тақырып бойынша жан-жақты мәлімет бере отырып,

мөлшер үстеуді түсіндіру, сауатты сөйлеу мен жазуға

үйрету;

б) дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту,

қызығушылықтарын оятып, танымдық көзқарастарын

қалыптастыру;

в) тәрбиелік: өз елін, жерін сүюге, мемлекеттік тілді құрметтеуге,

қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: пысықтау сабағы

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, деңгейлік тапсырмалар

Сабақтың көрнекілігі: кітап, сөздік, инт. тақта, суреттер

Пәнаралық байланыс: орыс тілі

Күтілетін нәтиже: мөлшер үстеуді меңгеру, көктем туралы өз ойларын айта білу;

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

– Оқушылармен амандасу – Кезекшінің мәліметі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

3 – тапсырма. (Жаңылтпашты жаттау).

«Көктемгі еңбек» тақырыбына үстеулерді қатыстырып, әңгіме жазу.

ІІІ. Жаңа сабақ

1 – тапсырма. Сөйлемдерді етістіктермен толықтырып жазыңдар.

3-тапсырма. Деңгейлік тапсырмаларды орындаңдар.

ІІІ деңгей.

1. «Көктем табиғаты» тақырыбындағы 1,2,3 – тапсырмалардың сөйлемдерін мөлшер

үстеулерімен толықтырыңдар.

2. «Көктем» тақырыбына әңгіме құрап, айтып беріңдер.

ІІ деңгей.

1. Мөлшер үстеулерін пайдаланып, былтырғы және биылғы көктем мезгілін салыстырыңдар.

2. «Көктемде» тақырыбына әңгіме құрап, айтып беріңдер.

І деңгей.

1. «Көктемгі еңбек» тақырыбында үстеулерді пайдаланып, шығарма жазыңдар.

2. Көктем мезгілі ұнай ма, әлде ұнамай ма? Неге ?

Ережемен жұмыс

Үстеу – заттың, қимылдың жай-күйін, мезгілін, т.б. білдіретін сөз табы.

Мөлшер үстеу – іс-қимылдың мөлшерін көрсететін үстеудің түрі. Мысалы: анағұрлым, соғұрлым, бірнеше, т.б.

ІV. Бекіту бөлімі

Сұрақтар қою арқылы бекіту

V. Үйге тапсырма

2 – тапсырма (Сурет бойынша әңгіме құрау)

VІ. Бағалау бөлімі

Сабаққа қатысы бойынша бағалау

VІІ. Сабақты қорытындылау

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите свой комментарий!
Пожалуйста, введите ваше имя здесь