Тақырыбы: Көпмүшені топтау тәсілімен көбейткіштерге жіктеу.
Мақсаты:
- Көпмүшені топтау тәсілімен көбейткіштерге жіктеу әдісін мысалдар арқылы түсіндіру.
- Ойлау мен есте сақтау қабілеті, қателікті талдай білу қабілеттерін дамыту;
- Дәлдікке, ұқыптылыққа, шыдамдылыққа, өз-өзін бағалауға тәрбиелеу.
Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру.
ІІ. Өткен тақырыпты қайталау және бекіту сұрақтары (өздік жұмысты тексеру, қателерін көрсету)
III. Жаса тақырыпты түсіндіру .
7m+np+7n+mp көпмүшесін көбейткіштерге жіктейік.
Бұл көпмүшені барлық қосылғыштарыныс ортақ көбейткіштерін жақша сыртына шығару арқылы көбейткіштерге жіктеу мүмкін емес, себебі бұл қосылғыштардыс барлығына ортақ көбейткіш жоқ. Мұндай жағдайда, көпмүшеніс ортақ көбейткіштері бар мүшелерін топтаймыз.
Мысалы: 7m+np+7n+mp көпмүшесін (7m + 7n) + (np +mp) деп топтап, әрбір топтағы ортақ көбейткіштерді жақша сыртына шығарамыз: (7m +7n) + (np + mp) = 7 (m+n) + p(n+m) = (m+n)*(7+p).
Бұл мысалдағы көпмүшені басқа тәсілмен де топтауға болады: (7m+mp)+(np+7n) = m(7+p)+n(p+7)=(7+p)*(m+n)
Мысалы: ax+bx-ay-by+az+bz
1) Екі-екіден топтау арқылы мынаны аламыз:
(ax+bx) – (ay+by) + (az+bz) = x(a+b) – y(a+b) + z(a+b) = (a+b)*(x-y+z).
2) Үш мүшеден топтау арқылы: (ax+az-ay) + (bx+bz-by) = a(x+z-y) + b(x+z-y)= (x+z-y)*(a+b)
Сонда топтау тәсілі арқылы көпмүшелерді көбейткіштерге жіктегенде:
1) Ортақ көбейткіштері бар мүшелерін топтау керек;
2) Ортақ көбейткішті жақша сыртына шығару керек.
IV. Оқулықпен жұмыс: 138(1,3), 139(1,3), 141(3,4), 148(1,2), 149(1,2)
V. Үйге тапсырма: §7. № 138(2,4), 139(2,4), 141(1),149(3)
VI. Сабақты қорытындылау.