Көмек

0
741

Сабақтың тақырыбы: Көмек.

Сабақтың мақсаты: а) білімдік: тақырып бойынша жан-жақты мәлімет бере отырып,

көптік жалғауын қайталау, сауатты жазуға және сөйлеуге үйрету;

ә) дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту,

қызығушылығын арттыра отырып, танымдық көзқарастарын

қалыптастыру;

б) тәрбиелік: өз елін, жерін, Отанын сүюге, достарын сыйлауға,

достыққа адал болуға, қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: пысықтау сабағы

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, сөз тізбегі

Сабақтың көрнекілігі: кітап, сөздік, топшамалар

Пәнаралық байланыс: орыс тілі

Күтілетін нәтиже: көптік жалғауын меңгеру, өз досы жөнінде өз пікірін айта білу;

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

– Оқушылармен амандасу – Кезекшінің мәліметі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

Әңгімені тексеру

ІІІ. Жаңа сабақ

«Кім жылдам» ойынын ойнату.

Шарты: Сұрақтарға тез-тез жауап беру, сол бойынша ұпай жинау.

  1. Қазақ тіліне тән дыбыстар.

  2. Жуан дауыстыларды ата.

  3. Жіңішке дауыстыларды ата

  4. Қатаң дауыссыздарды ата.

  5. Ұяң дауыссыздарды ата.

  6. Үнді дауыссыздарды ата.

  7. Буын туралы айт.

  8. Көптік жалғауларын ата

  9. Тәуелдік жалғауларын жаз

  10. Зат есім дегеніміз не? Сұрақтары.

  11. Жалпы және жалқы есім.

  12. Дара және күрделі зат есім.

1-тапсырма. «Көмек» мәтіні бойынша топтық жұмыс.

Мәтінді оқу

Мәтін бойынша сұрақ және жоспар құрау

Мәтіннен көптік жалғаулары бар сөздерді табу

Мәтінді мазмұндау

Мәтінді аяқтау

2-тапсырма. Берілген сөздерге көптік жалғауын жалғап, сөйлем құраңдар.

Көмекші, қолғанат, күрек, ағаш, сыпырғыш.

3-тапсырма. «Менің досым қандай?» сұрағына жауап беру арқылы сөздерді тізбелеу.

А – ақкөңіл

Н – нәзік

А – ашық

Р – рақымды

ІV. Бекіту бөлімі

Сұрақтар қою арқылы бекіту

V. Үйге тапсырма

«Көмек» сөзін тәуелдеу.

VІ. Бағалау бөлімі

Жинаған ұпай сандары бойынша бағалау

VІІ. Сабақты қорытындылау

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите свой комментарий!
Пожалуйста, введите ваше имя здесь