Қазақ тілі 5 класс на казахском

Мамандықтар. Сын есім

Опубликовано в 2018 году. Что изменилось в 2026–2027

Сабақтың тақырыбы: Мамандықтар. Сын есім

Сабақтың мақсаты: а) білімдік: тақырып бойынша жан-жақты мәлімет бере отырып,

сын есімді түсіндіру, сауатты сөйлеу мен жазуға үйрету;

б) дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту,

қызығушылықтарын оятып, танымдық көзқарастарын

қалыптастыру;

в) тәрбиелік: өз елін, жерін сүюге, мемлекеттік тілді құрметтеуге,

қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, суреттермен жұмыс

Сабақтың көрнекілігі: кітап, сөздік, инт. тақта, суреттер

Пәнаралық байланыс: орыс тілі

Күтілетін нәтиже: сын есімді меңгеру, мамандық туралы өз ойларын айта

білу;

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

– Оқушылармен амандасу – Кезекшінің мәліметі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

Өтілген модульді пысықтап, еске түсіру.

ІІІ. Жаңа сабақ

1 – тапсырма. Сурет бойынша мамандықтарды атап шығыңдар. Сөз тіркестерін

құрастырыңдар.

2 – тапсырма. Диалогты оқып, өзара сөйлесіңдер. Үлгі бойынша өздерің диалог

құраңдар.

– Сен кімсің?

– Мен 5 сынып оқушысымын.

– Сенің әкеңнің мамандығы қандай?

– Менің әкемнің мамандығы – дәрігер.

3 – тапсырма. «Мамандықтар» мәтінін мәнерлеп оқып, аударыңдар.Етістіктерді тауып,

қандай шақта тұрғанын анықтаңдар.

Ережемен жұмыс

Сын есім

Заттың сынын, сапасын, түсін, түрін, көлемін білдіретін сөз табы. Сұрақтары: қандай? қай?

1. Құрамына қарай (2):

А) дара сын есім: сары, үлкен, кең, т.б.

Б) күрделі сын есім:

1. біріккен: алқызыл

2. қосарланған: үлкен -кіші

3. тіркескен: қызыл ала

2. Тұлғасына қарай (2):

А) негізгі сын есім: биік, әдемі

Б) туынды сын есім: таулы, еріншек

3. Мағынасына қарай (2):

А) Сапалық сын есім: тәтті, тұщы, тар, ыстық

Б) Қатыстық сын есім:

ІV. Бекіту бөлімі

Сұрақтар қою арқылы бекіту

V. Үйге тапсырма

3 – тапсырма («Мамандықтар» мәтінін мазмұндау)

4 – тапсырма.

VІ. Бағалау бөлімі

Сабаққа қатысы бойынша бағалау.

VІІ. Сабақты қорытындылау

 

Ещё уроки серии

Все 186 уроков
  1. Мазмұндама «Ханталапай»
  2. Мазмұндама «Қыс».
  3. Мектеп демалысы. Диалог.
  4. Мектеп кабинеттері. Антоним.
  5. Мектеп ғимараты. Синоним.
  6. Мектеп. Лексика.
  7. Мемлекетіміз туралы не білуіміз керек? Септеулік шылау
  8. Мен және менің досым. Ілік септігі.
  9. Менің ауылым. Қаратпа сөз.
  10. Менің досым. Жатыс септігі

Қазақ тілі в 5 классе

Все предметы 5 класса