Сабақтың тақырыбы: Көктемгі еңбек. Сын – қимыл үстеуі.
Сабақтың мақсаты: а) білімдік: тақырып бойынша жан-жақты мәлімет бере отырып,
сын – қимыл үстеуін түсіндіру, сауатты сөйлеу мен жазуға
үйрету;
б) дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту,
қызығушылықтарын оятып, танымдық көзқарастарын
қалыптастыру;
в) тәрбиелік: өз елін, жерін сүюге, мемлекеттік тілді құрметтеуге,
қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: пысықтау сабағы
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, кестемен жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: кітап, сөздік, инт. тақта, суреттер
Пәнаралық байланыс: орыс тілі
Күтілетін нәтиже: сын – қимыл үстеуін меңгеру, көктемгі еңбек туралы өз ойларын
айта білу;
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
– Оқушылармен амандасу – Кезекшінің мәліметі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
3-тапсырма (Сурет бойынша әңгіме құрау).
ІІІ. Жаңа сабақ
1 – тапсырма. Сөйлемдерді жазып, сын – қимыл үстеулерінің астын сызыңдар және оларға
сұрақ қойыңдар.
2 – тапсырма. Кесте бойынша суретке қарай отырып, сұрақ қойыңдар.
Қашан? |
Кімдер? |
Қайда? |
Нені? |
Не істейді? |
… |
… |
… |
… |
… |
Кімдер? |
Қайда? |
Не істейді? |
… |
… |
… |
Ережемен жұмыс
Үстеу – заттың, қимылдың жай-күйін, мезгілін, т.б. білдіретін сөз табы.
Сын – қимыл үстеу – заттың қимылын, сынын білдіретін үстеудің түрі. Мысалы: қазақша, жаяу, тез, ақырын, т.б.
ІV. Бекіту бөлімі
Сұрақтар қою арқылы бекіту
V. Үйге тапсырма
3 – тапсырма. (Жаңылтпашты жаттау).
«Көктемгі еңбек» тақырыбына үстеулерді қатыстырып, әңгіме жазу.
VІ. Бағалау бөлімі
Сабаққа қатысы бойынша бағалау
VІІ. Сабақты қорытындылау