Көктем. Үстеу және оның құрамдық түрлері.

0
793

Сабақтың тақырыбы: Көктем. Үстеу және оның құрамдық түрлері.

Сабақтың мақсаты: а) білімдік: тақырып бойынша жан-жақты мәлімет бере отырып,

үстеу мен оның құрамдық түрлерін түсіндіру, сауатты сөйлеу мен

жазуға үйрету;

б) дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту,

қызығушылықтарын оятып, танымдық көзқарастарын

қалыптастыру;

в) тәрбиелік: өз елін, жерін сүюге, мемлекеттік тілді құрметтеуге,

қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, кестемен жұмыс

Сабақтың көрнекілігі: кітап, сөздік, инт. тақта, суреттер

Пәнаралық байланыс: орыс тілі

Күтілетін нәтиже: үстеуді меңгеру, көктем туралы өз ойларын айта білу;

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

– Оқушылармен амандасу – Кезекшінің мәліметі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

Өтілген модульді қайталау, еске түсіру.

ІІІ. Жаңа сабақ

1 – тапсырма. Өлеңді мәнерлеп оқып, түсіндіріңдіріңдер. Сурет бойынша әңгімелеңдер.

Қар еріп су ағады,

Сарқырап сайға толады.

Күн ұзарып, жылиды,

Бұл қай кезде болады? ( … )

2 – тапсырма. Кесте бойынша жаңа сөздерді қатыстырып, сөйлесу құраңдар және өзара

сөйлесіңдер.

Жыл мезгілі

Айлар

Күндер

Түндер

Ауа райы

Көктем

Наурыз, сәуір, мамыр

Ұзағырақ

Қысқарақ

3 – тапсырма. Мәтінді оқып, аударыңдар. Мезгіл үстеулерді тауып, сұрақ қойыңдар.

Ережемен жұмыс

Үстеу – заттың, қимылдың жай-күйін, мезгілін, т.б. білдіретін сөз табы.

Үстеу мағынасына қарай жеті түрге бөлінеді:

1. мезгіл үстеу: кеше, бүгін, т.б. 4. мөлшер үстеу: сонша, анағұрлым, т.б.

2. мекен үстеу: жоғары, төмен, т.б. 5. сын – қимыл үстеу: жаяу, тез, т.б.

3. мақсат үстеу: әдейі, қасақана 6. Себеп үстеу: амалсыздан, босқа, т.б.

7. күшейткіш үстеу: өте, аса, тым, т.б.

ІV. Бекіту бөлімі

Сұрақтар қою арқылы бекіту

V. Үйге тапсырма

1 – тапсырма (Өлеңді жаттау). Үстеулерді қатыстырып 7 сөйлем құрау.

VІ. Бағалау бөлімі Сабаққа қатысы бойынша бағалау.

VІІ. Сабақты қорытындылау