Пән: Информатика. Сынып 9 (Сағат саны: 34)

0
2554
алгоритмы

Список тем:

  1. Алгоритм түсiнiгi. Алгоритмнiң қасиеттерi.
  2. Алгоритмдi бейнелеу тәсiлдерi. Блок-схема.
  3. Орындаушы түсiнiгi. Орындаушы командалар жүйесi.
  4. Алгоритмнiң түсiнiгi: сызықтық, тармақталу, циклдiк. Көмекшi алгоритм түсiнiгi.
  5. ЭЕМ-да есеп шығару кезеңдерi: Қадам бөлiктерi.
  6. Программалау тiлi. Тiлдiң алфавитi. Программалау тiлiнде алгоритм жазу ережесi.
  7. Программалау жүйесiнде оқыту мүмкiндiктерi. Программа және оның құрылымы туралы түсiнiк.
  8. Берiлгендер типi туралы түсiнiк. Берiлгендердiң стандартты түрi. Айнымалы түсiнiгi. Ат қоюға, түрiне және мәнiне жалпы сипаттама.
  9. Сынақ жұмысы.
  10. Өрнектер. Әр түрлi тип мәндерiн өрнектерде пайдалану. Меншiктеу операторы. Сандық функциялары.
  11. Берiлгендердi енгiзу және шығаруды ұйымдастыру. Сызықтық алгоритмдi программалау.
  12. Таңдауды ұйымдастыру және шартты программа. Шартты операторлар.
  13. Таңдауды ұйымдастыру және шартты программа. Шартты операторлар.
  14. Циклдiк алгоритмдi программалау.
  15. Циклдiк алгоритмдi программалау. Циклдiң түрлерi.
  16. Циклдi ұйымдастыру операторлары.
  17. Графиктiк ереже.
  1. Экранның координаталық жазықтығы.
  2. Графиктiк редактор.
  3. Графиктiк объектiнi программалау.
  4. Символдық берiлгендермен жұмыс жасау амалдары.
  5. Символдық берiлгендермен жұмыс жасау амалдары.
  6. Массивтiң мәнi және ол туралы түсiнiк.
  7. Элемент түрлерi.
  8. Өлшемi, индексi.
  9. Бiр өлшемдi массивтермен жұмыс.
  10. Модельдер және модельдеу түсінігі. Модельді анықтау.
  11. Модельдің түрлері.
  12. Статистикалық және динамикалық модельдер. Модельдеу тәсілдері.
  13. Компьютерлік байланыстың негізгі түрлері. Локальды желіні құру тәсілі жұмысын ұйымдастыру. Программалық қамсыздандыру. Ақпараттық желі. Интернет. Электронды байланыс.
  14. Қазіргі заман ЭЕМ-нің рөлі: Интернет-бүкіләлемдік анықтама; бүкіләлемдік білім ортасы; бүкіләлемдік дүкен. Әлемдік ақпараттандыру қоғамы.
  15. Интернетте ақпараттарды іздеу.
  16. Электрондық пошта бойынша хабарларды жіберу және қабылдау.
  17. Электрондық пошта бойынша хабарларды жіберу және қабылдау.

Примеры уроков:

Сабақ 2.

Алгоритм түсiнiгi. Алгоритмнiң қасиеттерi. Блок-схема.

Тақырып: Алгоритм түсiнiгi. Алгоритмнiң қасиеттерi. Алгоритмдi бейнелеу тәсiлдерi. Блок-схема.

Мақсат:

Оқушылардың алгоритм ұғымы, оның қасиеттері және бейнелеу тәсілдері туралы білімдерін қалыптастыру. Блок-схема құруды үйрету.

Міндеттер:

Білімділік:

Оқушылардың алгоритм, алгоритм қасиеттері және блок-схема ұғымдары туралы білімдерін қалыптастыру.

Дамытушылық: Оқушылардың алгоритмдеу тәсілдері мен әдістерін меңгеруін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушылардың информатика пәніне деген қызығушылығын жан-жақты тәрбиелеу.

Сабақ түрі: лекция сабақ.

Сабақ типі: жаңа сабақ игеру.

Әдіс-тәсілдер: түсіндірмелі – иллюстративті, көрнекілік, сұрақ -жауап.

Құрал-жабдықтар: компьютер – 7, жұмыс дәптері, ActiveStudio бағдарламасы, ActivBoard, ActivPen, бейнепроектор-1.

Пәнаралық байланыс: математика.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Б.Бурибаев. Информатика және ЕТ негіздері, оқулық 9 сынып;
  2. Основы информатики и ВТ, базовый курс 10-11 класс;
  3. С.Т.Мухамеджанова, «Методика обучения информатике»
  4.  Динисламов, «Паскаль программалау негіздері».

Сабақ барысы:

1) Ұйымдастыру кезеңі (2 мин):

  • а) оқушылар тізімі;
  • ә) кабинет жағдайы;
  • б) сабақ барысымен таныстыру.

2) Жаңа тақырыпқа кіріспе.(3-5 мин)

3) Жаңа тақырыпты түсіндіру(3-5 мин)

Информатика ғылымында «алгоритм» түсінігі ақпарат түсінігі сияқты негізгі ұғымдардың бірі болып табылады.

«Алгоритм» сөзі атақты араб математигі Әбу Жафар Мухаммед ибн Мұса әл-Хорезми (763—850 жж.) есімінің латындық транскрипциясы болып табылады. Ол санаудың ондық санау жүйесінде көпорынды сандар мен арифметикалық амалдардың орындалу ережесін ұсынған. Бұл ережелер қосынды мен көбейтіндіні табуға арналған амалдарды орындауға қажетті тізбектен құрылған. Сол ереже осы күнге дейін қолданылып келеді.

Алгоритм деп берілген есептің шығару жолын реттелген амалдар тізбегі түріне келтіруді айтамыз. Кез келген есептің шешу кезеңін қарапайым амалдар тізбегіне бөлектеуге болады. Алгоритмді компьютерде орындау үшін оны программа түрінде жазып шығу керек.

Программа деп машина тілі түсінетіндей, инструкциялар тізбегі түрінде жазылған алгоритмді айтамыз. Программа командалар тізбегінен тұрады. Командалар тізбегі орындалған кезде есептің нәтижесі шығады. Әрбір компьютер алдын-ала құрылған программа бойынша жұмыс жасайды.

Алгоритм ұғымын толығымен түсіну үшін оның қасиеттерін білу қажет. Және де компьютерде орындалатын алгоритмге қойылатын талаптарды білу керек:

  • алгоритм нақты және анық берілуі қажет;
  • модульдік қасиетке ие болуы керек (яғни, алгоритмді қарапайым кіші бөліктерге бөлу мүмкіндігі болу керек);
  • белгілі бір уақыт аралығында бір нәтижеге келу, яғни, алгоритм қадамдарының саны шексіз болмауы керек;
  • бір тектес есептерге жалпы бір ғана алгоритмді қолдану.

Сергіту жаттығулары (2 мин)

  1. Алгоритмнің айқын, дәл өрнектелу қасиеті. Алгоритмде көрсетілген барлық әрекеттер анық, нақты және белгілі болу керек. Онда көрсетілген қадамдар ғана орындалуы керек.
  2. Алгоритмнің дискреттік (үзіктілік) қасиеті. Үлкен алгоритмді кіші модульдерге бөлу мүмкіндігі болу керек. Бұл қасиет бойынша алгоритмді кіші бөліктерге бөліп, аралық нәтижені бақылауға мүмкіндік алуға болады. Алгоритмді 2-3 бөлікке бөліп, оның әрқайсына бөлек алгоритм құруға болады.
  3. Алгоритмнің нәтижелілік қасиеті. Кез келген алгоритм белгілі бір нәтижеге әкелуі қажет. Белгілі бір уақыт аралығында белгілі бір қадам орындалған соң біз бір нәтиже алуымыз керек.
  4. Алгоритмнің жалпылық немесе ортақтық қасиеті. Алгоритм тек бір ғана есепке емес, бір типті есептерге жалпы болуы керек. Мұндай қасиет жалпылық қасиет деп аталады. Мысалы, квадрат теңдеудің түбірлерін табатын алгоритм тек қана бір есепке емес, барлық квадрат теңдеу есептеріне арналған болуы керек.

Алгоритмді жазу тәсілдері.

Алгоритмді компьютерде орындау үшін оны белгілі бір заңдылықтарға сәйкес өңдеу керек. Алгоритмді жазудың бірнеше тәсілдері бар:

  1. Табиғи тілде
  2. Арнайы түйінді сөздер – терминдер, псевдокодтар арқылы жазу. Яғни, қарапайым алгоритмдік тілдер қолдану.
  3. Блок-схема түрінде графикалық кескіндеу.
  4. Программалау тілінде жазу.

Осының ішінде алгоритмді блок-схема түрінде жазу және одан кейін оны программалау тіліне аудару кеңінен қолданылады.

Атауы Блок-схема түрі Негізгі әрекеттері
Процесс Математикалық өрнектерді есептеу
Таңдау Шартқа сәйкес есептеу жолын таңдау
Модификация Циклдің басы (қайталау)
Енгізу және шығару Берілгендерді енгізу және шығару
Басы, соңы Алгоритмнің басы және соңы
Қосалқы программа Қосалқы программа шақыру

4) Жаңа тақырыпты бекіту (20-25 мин)

Тапсырмалар мен сұрақтар:

  1. Алгоритм қасиеттері?
  2. Алгоритмнің формальды орындалуы дегеніміз не?
  3. Алгоритмді жазу тәсілдері?
  4. Блок-схема дегеніміз не?
  5. Қандай блок-схема түрлерін білесіңдер?
  6. Блок-схема құру үшін қандай ережелерді білесің?

Тапсырма . Жұмыс дәптеріңе орында.

x – тің кез келген мәні үшін у = (ах3 + b) / (cx3 – d) функциясының блок –схемасын құр.

5). Сабақты қорытындылау және бағалау

Оқушыларға алгоритм ұғымы және оның қасиеттері туралы мағлұмат беру. Алгоритмге блок-схема құруды үйрету.

6). Үйге тапсырма § 1.1, 1.3, 1.4, 1,5, бет. 4-16

Алгоритм, программа ұғымдары. Алгоритм қасиеттері. Алгоритм жазу тәсілдері.

Алгоритм график түрінде кескінделуі.