Біз мектепте жаңа жыл тойлаймыз. Негізгі және туынды зат есім.

0
556
информатика

Сабақтың тақырыбы: Біз мектепте жаңа жыл тойлаймыз.

Негізгі және туынды зат есім.

Сабақтың мақсаты: а) білімдік: тақырып бойынша жан-жақты мәлімет бере отырып,

негізгі және туынды зат есімді түсіндіру , сауатты жазуға және

сөйлеуге үйрету;

ә) дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту,

қызығушылығын арттыра отырып, танымдық көзқарастарын

қалыптастыру;

б) тәрбиелік: өз елін, жерін, Отанын сүюге, мемлекеттік тілді

құрметтеуге, қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: пысықтау сабағы

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, топтық жұмыс

Сабақтың көрнекілігі: кітап, сөздік, суреттер

Пәнаралық байланыс: орыс тілі

Күтілетін нәтиже: негізгі және туынды зат есімді меңгеру, жаңа жыл туралы

өз ойын айта білу;

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

– Оқушылармен амандасу – Кезекшінің мәліметі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

1 – тапсырма («Қазақстан – көп ұлтты мемлекет» мәтінін мазмұндау).

Мәтіннен дара және күрделі зат есімдерді табу.

ІІІ. Жаңа сабақ

1– тапсырма. «Біз мектепте жаңа жыл тойлаймыз» мәтіні бойынша топтық жұмыс.

Мәтінді оқиды.

Мәтінді аударады

Мәтінді мазмұндайды

Мәтін бойынша сұрақ құрайды.

2– тапсырма. Берілген сөйлемдерден негізгі және туынды зат есімдерді тауып,

құрамына қарай талдау.

3 – тапсырма. Берілген сөйлемдерден тәуелдік жалғауы бар сөздерді табу.

Ережемен жұмыс

Зат есім тұлғасына қарай екі түрге бөлінеді:

Негізгі зат есім: мектеп, табиғат, орман, т.б.

Туынды зат есім: әнші, жерлес, білім, т.б.

ІV. Бекіту бөлімі

Сұрақтар қою арқылы бекіту

V. Үйге тапсырма

1 – тапсырма («Біз мектепте жаңа жыл тойлаймыз» мәтінін мазмұндау)

«Жаңа жыл кеші» тақырыбына әңгіме жазу.

VІ. Бағалау бөлімі

Сабаққа қатысы бойынша бағалау.

VІІ. Сабақты қорытындылау