Бұл кімдер? Сын есім

0
624

Сабақтың тақырыбы: Бұл кімдер? Сын есім

Сабақтың мақсаты: а) білімдік: тақырып бойынша жан-жақты мәлімет бере отырып,

сын есім, оның түрлерін түсіндіру, сауатты сөйлеу мен жазуға

үйрету;

б) дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту,

қызығушылықтарын оятып, танымдық көзқарастарын

қалыптастыру;

в) тәрбиелік: өз елін, жерін сүюге, мемлекеттік тілді құрметтеуге,

қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: пысықтау сабағы

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, суреттермен жұмыс, деңгейлік тапсырмалар

Сабақтың көрнекілігі: кітап, сөздік, инт. тақта, суреттер

Пәнаралық байланыс: орыс тілі

Күтілетін нәтиже: сын есімді меңгеру, мамандық иелері туралы өз ойларын айта

білу;

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

– Оқушылармен амандасу – Кезекшінің мәліметі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

2 – тапсырма (Деңгейлік тапсырмалардың 3 тапсырмасы)

ІІІ. Жаңа сабақ

1 – тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып жазыңдар.

… балаларды емдейді.

… балық аулайды.

… үй салады.

… балаларды оқытады.

… тамақ дайындайды.

… азық – түлік сатады.

… көлік жүргізеді.

2 – тапсырма. Сөздерге –шы, -ші жұрнақтарын жалғап, өткен шақта сөйлем

құрастырыңдар.

3 – тапсырма. «Бұл кімдер?» өлеңін мәнерлеп оқып, аударыңдар.

Етістіктің шақтарын анықтаңдар.

Ережемен жұмыс

Сын есім

Заттың сынын, сапасын, түсін, түрін, көлемін білдіретін сөз табы. Сұрақтары: қандай? қай?

1. Құрамына қарай (2):

А) дара сын есім: сары, үлкен, кең, т.б.

Б) күрделі сын есім:

1. біріккен: алқызыл

2. қосарланған: үлкен -кіші

3. тіркескен: қызыл ала

2. Тұлғасына қарай (2):

А) негізгі сын есім: биік, әдемі

Б) туынды сын есім: таулы, еріншек

3. Мағынасына қарай (2):

А) Сапалық сын есім: тәтті, тұщы, тар, ыстық

Б) Қатыстық сын есім:

ІV. Бекіту бөлімі

Сұрақтар қою арқылы бекіту

V. Үйге тапсырма

3 – тапсырма («Бұл кімдер?» өлеңін жаттау)

VІ. Бағалау бөлімі

Сабаққа қатысы бойынша бағалау.

VІІ. Сабақты қорытындылау