Сабақтың тақырыбы: Қазақ тілі сабағында біз, әдетте, не үйренеміз? Тұйық буын.
Сабақтың мақсаты: а) білімдік: тақырып бойынша жан-жақты мәлімет бере отырып,
тұйық буынды түсіндіру, сауатты жазуға және сөйлеуге үйрету;
ә) дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту,
қызығушылығын арттыра отырып, танымдық көзқарастарын
қалыптастыру;
б) тәрбиелік: өз елін, жерін, Отанын сүюге, мемлекеттік тілді
құрметтеуге, қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: пысықтау сабағы
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жұптық жұмыс, жұбыңды тап
Сабақтың көрнекілігі: кітап, сөздік, кеспелер
Пәнаралық байланыс: орыс тілі
Күтілетін нәтиже: тұйық буынды меңгеру, қазақ тілі сабағы жөнінде өз пікірін айта
білу;
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
– Оқушылармен амандасу – Кезекшінің мәліметі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
1 – тапсырманы сұрау. Сөйлемдерін тексеру.
ІІІ. Жаңа сабақ
1 – тапсырма. «Қазақ тілі сабағы» мәтіні бойынша жұптық жұмыс.
1. мәтінді оқиды
2. мәтін бойынша сұрақ құрайды
3. мәтінді мазмұндайды
4. көршісінің жауабын бағалайды
2 – тапсырма. Бірінші бағандағы сөздерді екінші бағандағы сөздермен мағынасына қарай
сәйкестендіріңіз.
3 – тапсырма. Берілген сөйлемдерді буынға бөліп жазып, ашық және тұйық буындарды
табу.
«Жұбыңды тап» ойыны ( кеспелерден сөз тіркесін құрау)
қазақ тілі
|
мәтінді
|
жасаймыз
|
шешеміз
|
оқимыз
|
талдау
|
мақал-мәтелдерді
|
мәтін
|
өлең
|
жұмбақтар
|
сабағы
|
аударамыз
|
жаттаймыз
|
сөйлейміз
|
түсіндіреміз
|
қазақша
|
ІV. Бекіту бөлімі
Сұрақтар қою арқылы бекіту.
V. Үйге тапсырма
Тақырып бойынша 5 сөйлем жазу.
VІ. Бағалау бөлімі
Сабаққа қатысы бойынша бағалау.
VІІ. Сабақты қорытындылау