Қазақ тілі 7 сынып. Сабақтың тақырыбы: Судың пайдасы. Тіл дамыту. Топтау сан есімдері

0
1262
информатика

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Тақырып бойынша мәлімет беру.Оқушылардың оқу техникасын күшейту, аударма жұмыстарына көңіл бөлу. Жүйелі сөйлеуге, тақырыпты жүйелі баяндауға үйрету, төселдіру.

Дамытушылық: Тапсырмалар жазу арқылы ойлау қабілеттерін дамыту. Оқушылардың тіл белсенділігін, жазу мәдениетін дамыту.Ой-өрістерін, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Сөздерді меңгерту арқылы сөздік қорларын, тіл байлықтарын байыту.

Тәрбиелік: Тазалыққа, ұқыптылыққа баулу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелесу, тіл дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: Кітап, суреттер. Грамматикалық кесте

Пәнаралық байланыс: Орыс тілі. Қазақ әдебиеті

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі:

1. Сәлемдесу.

2. Сыныптағы оқушыларды түгендеу, келмеу себебебін сұрау, білу.

3. Оқушылардың көңілін сабаққа бейімдеу, ыңғайлау.

II. Өткен сабақты қайталау, пысықтау. 184-бет 2- тапсырма мәтіннің мазмұнын сұрау

III. Жаңа түсінікті қалыптастыру: 1. Кіріспе сөз

2. Сөздікпен танысу:


қолжуғыш – умывальник

Сүлгі- полотенце

Надан- невежа

Ашулану- разозлиться

Қақпақ- крышка

Ісіп- кеуіп- важничать

Жуыну- умываться

Сабын- мыло

Қарап жата алмады- не смог молча лежать

Кір- грязь

Айтыс- спор

Қалу- отстать

Жеңілу- быть побежденным

Жолаған жоқ- не подходил

Таусылу- закончиться


А) сөздерді дұрыс айту;

Ә) сөз тіркестерін құрап айту

3. Мәтінді оқу, түсіну.

IV. Жаңа сабақты бекіту: Жазылым-2- тапсырмадағы қос сөздерді тізіп жазу. Үлгі: беті- қолын- қосарлама қос сөз

4- тапсырмадағы тірек сөздерді пайдалана отырып, сөйлемдер құрап жазу.

Мыс: жуыну- Таңертең тұрған соң жуыну керек.

V. Сабақты қорыту: Пысықтау сұрақтарына жауап беру:

– Адам қолжуғышқа не құйды?

– Адам жуынғаннан кейін не істеді?

– Сүлгі не деді?

– Ашуланған қолжуғыш не айтты?

– Сабын өзінің қандай қасиеттерін айтты?

– Олардың қасында кешке дейін неге ешкім жоламады? Т.б.

VI. Үй тапсырмасын беру: сөздік жаттау

VII. Бағалау.

Рефлексия- Т кестесі

Нені білемін?

Нені білдім?

Нені білгім келеді?