Қазақ тілі 7 класс на казахском

Қазақ тілі 7 сынып. Сабақтың тақырыбы: Ғаламтор құрамының элементтері

Опубликовано в 2018 году. Что изменилось в 2026–2027

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: «Ғаламтор құрамының элементтері » тақырыбы бойынша мәлімет беру.Оқушылардың оқу техникасын күшейту, аударма жұмыстарына көңіл бөлу. Жүйелі сөйлеуге, тақырыпты жүйелі баяндауға үйрету, төселдіру.

Дамытушылық: Тапсырмалар жазу арқылы ойлау қабілеттерін дамыту. Оқушылардың тіл белсенділігін, жазу мәдениетін дамыту.Ой-өрістерін, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Сөздерді меңгерту арқылы сөздік қорларын, тіл байлықтарын байыту.

Тәрбиелік: Тазалыққа, ұқыптылыққа баулу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелесу, тіл дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: Кітап, суреттер. Грамматикалық кесте

Пәнаралық байланыс: Орыс тілі. Қазақ әдебиеті

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі:

1. Сәлемдесу.

2. Сыныптағы оқушыларды түгендеу, келмеу себебебін сұрау, білу.

3. Оқушылардың көңілін сабаққа бейімдеу, ыңғайлау.

II. Жаңа түсінікті қалыптастыру: 1. Кіріспе сөз

2.Жазылым- 3- тапсырмадағы көп нүктенің орнына тиісті жалғауларын қойып жазыңдар. Мәтінді әңгімелеңдер.

Журнал – сіз… Интернетте жасаған саяхатыңыз… барысын қарап шығуға мүмкіндік беретін жүйе. Интернет Explorer сіздің Интернет… жасаған әрбір қадамыңыз… өз бетімен тіркеп отырады. Сіздің кіріп- шыққан веб- торапқа деген сілтемелері бар бұл жазбалар журнал қалтасы… сақталып тұрады.

1. Тірек сызбаны пайдалана отырып, әңгіме құрастыру:


IV. Жаңа сабақты бекіту: Төмендегі сөздер мен сөз тіркестетерінің аудармаларын анықтаңдар.

Сөздер мен сөз тіркестері

Аудармалары

1.байланыс жасау

2 телефон желісі

3.көмек

4 басқару

5.айтуға болады

1.можно сказать

2.управлять

3.телефонная связь

4.помощь

5.связываться

V. Сабақты қорыту: Сұрақтарға жауап беру:

– Интернет құрамына кіретін элементтерді атаңдар.

– Электронды поштаның атқаратын қызметі қандай?

– Браузер деген не?

– Журнал қандай мүмкіндік беретін жүйе?

– Осы тақырыпқа байланысты жаңа сөздерді атаңдар.

VI. Үй тапсырмасын беру: 245-бет 4- тапсырма мазмұндау

VII. Бағалау. Рефлексия

 

Ещё уроки серии

Все 30 уроков
  1. Қазақ тілі 7 сынып. Сабақтың тақырыбы: Шахмат әліппесі. Реттік сан есім
  2. Қазақ тілі 7 сынып. Сабақтың тақырыбы: Ғаламтор торабын пайдалану
  3. Қазақ тілі 7 сынып. Сабақтың тақырыбы: Ғаламторды қолдану
  4. Қазақ тілі 7 сынып. Сабақтың тақырыбы: Ғаламтордың шығу тарихынан
  5. Қазақ тілі 7 сынып. Сабақтың тақырыбы: Ғаламтордың құрылысы
  6. Қазақ тілі 7 сынып. Сабақтың тақырыбы: Қазақстандық спорт н/с
  7. Қазақ тілі 7 сынып. Сабақтың тақырыбы: Ұйқының пайдасы. Қос сөздердің түрлері
  8. Қазақ тілі 7 сынып. Сабақтың тақырыбы: Ұлттық киімдер
  9. Қазақ тілі 7 сынып. Сабақтың тақырыбы: Сырт киімдер
  10. Қазақ тілі 7 сынып. Сабақтың тақырыбы: Диктант «Ағайындылар»

Қазақ тілі в 7 классе

Все предметы 7 класса