Қазақ тілі 7 сынып. Сабақтың тақырыбы: Ғаламторды қолдану

0
117
физика

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: «Ғаламторды қолдану» тақырыбы бойынша мәлімет беру.Оқушылардың оқу техникасын күшейту, аударма жұмыстарына көңіл бөлу. Жүйелі сөйлеуге, тақырыпты жүйелі баяндауға үйрету, төселдіру.

Дамытушылық: Тапсырмалар жазу арқылы ойлау қабілеттерін дамыту. Оқушылардың тіл белсенділігін, жазу мәдениетін дамыту.Ой-өрістерін, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Сөздерді меңгерту арқылы сөздік қорларын, тіл байлықтарын байыту.

Тәрбиелік: Тазалыққа, ұқыптылыққа баулу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелесу, тіл дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: Кітап, суреттер. Грамматикалық кесте

Пәнаралық байланыс: Орыс тілі. Қазақ әдебиеті

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі:

1. Сәлемдесу.

2. Сыныптағы оқушыларды түгендеу, келмеу себебебін сұрау, білу.

3. Оқушылардың көңілін сабаққа бейімдеу, ыңғайлау.

II. Жаңа түсінікті қалыптастыру: 1. Кіріспе сөз

2.Мозайкалық ойын арқылы топтраға біріктіру

3. Топ атын, ережесін құрастыру

4. Тапсырма: төменде берілген өадамдар бойынша Ғаламтордан Астана қаласына баратын пойыз билетіне тапсырыс беру:

Қажетті сайттың мекен жайын Ғаламтор жарнамасынан не түрлі іздеу жүйелерінен табасыңдар.

Пойыз билетіне тапсырыс беру сайтына кіріңдер.

Сайттан керек қызметін таңдаңдар.

Сұранысты дұрыс толтырыңдар.

Жауабын күтіңдер.

Сұранысты рәсімдеу кезінде өздеріңе қатысты мәліметтерді дұрыс енгізіңдер.

Сайтта бірнеше төлем түрі көрсетілгенде, біреуін таңдаңдар.

Есеп айырысыңдар. Бір түрін таңдаңдар. Оның түрлері:

А) қолма-қол ақшамен есептесу

Ә) тапсырысты алғанда төлеу;

Б) пластикалық картамен төлеу

В) интернет ақшасымен төлеу

Г) банк не пошта аударымдары арқылы төлеу

IV. Жаңа сабақты бекіту: А)2- тапсырма – мәтінді оқу, аудару

Ә) «Ғаламтордың пайдасы мен зияны» дебат

V. Сабақты қорыту: Сұрақтарға жауап беру:

– Интернет құрамына кіретін элементтерді атаңдар.

– Электронды поштаның атқаратын қызметі қандай?

– Браузер деген не?

– Журнал қандай мүмкіндік беретін жүйе?

– Осы тақырыпқа байланысты жаңа сөздерді атаңдар.

VI. Үй тапсырмасын беру: 245-бет 4- тапсырма мазмұндау

VII. Бағалау. Рефлексия

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите свой комментарий!
Пожалуйста, введите ваше имя здесь