Қазақ тілі 7 класс на казахском

Қазақ тілі 7 сынып. Сабақтың тақырыбы: Ғаламтордың шығу тарихынан

Опубликовано в 2018 году. Что изменилось в 2026–2027

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: «Ғаламтордың шығу тарихы» тақырыбы бойынша мәлімет беру.Оқушылардың оқу техникасын күшейту, аударма жұмыстарына көңіл бөлу. Жүйелі сөйлеуге, тақырыпты жүйелі баяндауға үйрету, төселдіру.

Дамытушылық: Тапсырмалар жазу арқылы ойлау қабілеттерін дамыту. Оқушылардың тіл белсенділігін, жазу мәдениетін дамыту.Ой-өрістерін, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Сөздерді меңгерту арқылы сөздік қорларын, тіл байлықтарын байыту.

Тәрбиелік: Тазалыққа, ұқыптылыққа баулу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелесу, тіл дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: Кітап, суреттер. Грамматикалық кесте

Пәнаралық байланыс: Орыс тілі. Қазақ әдебиеті

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі:

1. Сәлемдесу.

2. Сыныптағы оқушыларды түгендеу, келмеу себебебін сұрау, білу.

3. Оқушылардың көңілін сабаққа бейімдеу, ыңғайлау.

II. Өткен сабақты қайталау, пысықтау.

Мәтіннің мазмұнын сұрау

ІІІ.Жаңа түсінікті қалыптастыру: 1. Кіріспе сөз

2.Сөздікпен танысу: жүйе-система

Әскери зерттеулер- военные исследования

Сенімділік- надежность

Кесінді-отрезок

Хаттама- протокол

Мүмкіндіктері- возможностиъ

Бағалау- оценить

А) сөздерді дұрыс айту;

Ә) сөздік дәптерге жазып алу;

Б) сөз тіркестерін құрап жазу.

3.Мәтінмен танысу- Оқылым

IV. Жаңа сабақты бекіту: Деңгейлік тапсырмаларды орындау

ІІІ деңгей

1.Мәтіннің мазмұнына сәйкес төменде берілген сұрақтарды рет- ретімен қойып, соларға жауап беріңдер.

-Интернет арқылы кіммен танысуға болады?

-Интернет осыдан неше жыл бұрын пайда болған?

-Торапаралық хаттама деген не?

– Интернетті пайдаланатындар нені іздейді?

– Интернеттің лайықты мүмкіндіктерін кімдер бағалаған?

– Интернет алғашқы рет қай елде пайда болған?

2. «Ғаламтордың шығу тарихынан» мәтінінің мазмұнын ашатын 3-4 сөйлем негізінде мәтінді жазбаша әңгімелеңдер.

ІІ деңгей

1.Мәтінді бөліктерге бөліп, әрқайсысына ат қойыңдар. Интернациооналдық терминдерді пайдаланыңдар.

2.Мәтіндегі қарамен жазылған сөздерді басқа синоним сөздермен ауыстырып, әңгімелеңдер.

І деңгей

Интернеттің шығу тарихы бойынша қосымша мәліметтерді жинақтап, әңгімелеңдер.

V. Сабақты қорыту: Жазылым: сөйлемдерге тиісті етістіктерді қойып жазу

4- тапсырма

Интернет осыдан 25 жыл бұрын АҚШ- та …

Ол әскери зерттеулерді қамтамасыз ету үшін …

Мамандар Интернеттің лайықты мүмкіндіктерін …

Интернетті пайдаланатындардың барлығы ақпарат …

Керекті сөздер: іздейді, бағалады, пайда болған, құрылған.

VI. Үй тапсырмасын беру: 236-бет мәтінді мазмұнын айту

VII. Бағалау.

VIIІ. Рефлексия : Даналық ағашына өз пікірлерін жазып қалдырады

 

Ещё уроки серии

Все 30 уроков
  1. Қазақ тілі 7 сынып. Сабақтың тақырыбы: Ғаламтор торабын пайдалану
  2. Қазақ тілі 7 сынып. Сабақтың тақырыбы: Ғаламтор құрамының элементтері
  3. Қазақ тілі 7 сынып. Сабақтың тақырыбы: Ғаламторды қолдану
  4. Қазақ тілі 7 сынып. Сабақтың тақырыбы: Ғаламтордың құрылысы
  5. Қазақ тілі 7 сынып. Сабақтың тақырыбы: Қазақстандық спорт н/с
  6. Қазақ тілі 7 сынып. Сабақтың тақырыбы: Ұйқының пайдасы. Қос сөздердің түрлері
  7. Қазақ тілі 7 сынып. Сабақтың тақырыбы: Ұлттық киімдер
  8. Қазақ тілі 7 сынып. Сабақтың тақырыбы: Сырт киімдер
  9. Қазақ тілі 7 сынып. Сабақтың тақырыбы: Диктант «Ағайындылар»
  10. Қазақ тілі 7 сынып. Сабақтың тақырыбы: Шыдамдылық. Біріккен сөздер

Қазақ тілі в 7 классе

Все предметы 7 класса