Сабақтың мақсаты
1) Білімділік:
2) Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау мен ойлау қабілеттерін, ауызекі сөйлеу тілін дамыту, топтық жұмыстарды орындау арқылы іскерлікке машықтандыру, оқушының сөздік қорын молайтып, тіл байлығын дамыту.
3)Тәрбиелік: О қушылардың пәнге қызығушылығын арттыру, жануарларға қамқор болуға, оларды қорғауға тәрбиелеу;
Уақыт
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Қандай материалдар қолданылады
|
2 мин .
1мин.
|
І – Ұйымдастыру кезеңі
а) Сәлемдесу, кезекшімен сұхбат, оқушылардың сабаққа даярлығын байқау.
– Сәлеметсіңдер ме! Балалар.
– Бүгін сыныпта кім кезекші?
– Қазір қай сабақ?
– Қазақ тілі сабағы нешінші сабақ?
– Қазақ тілі сабағына не керек?
– Бүгін аптаның қай күні?
– Қазір қай жыл мезгілі?
– Көктем айларын ата.
– Көктемде қандай мерекелер болады?
Психологиялық күй
Ал, балалар қане бүгінгі көңіл күйлеріңді алдарында жатқан смайликтер арқылы көрсетіп жіберіндер.
Топқа бөлу
Балалар сол алдарында жатқан смайликтердің түстеріне қарай /сары, жасыл, көк/ мына үш топқа бөліну керек
|
Оқушылар тұрып мұғаліммен сәлемдеседі.
Кезекші тұрып сұраққа жауап береді.
Оқушылар смайликті көтеріп, өздерінің көңіл күйлерін көрсетеді.
Оқушылар өз топтарына отырады
|
|
7 мин.
|
Бағалау түрімен таныстыру.
Балалар, бүгін біз өзімізді және бір-бірімізді бағалаймыз.
ІІ- Үй жұмысын тексеру.
Ал, балалар, бүгінгі көңіл күйіміз жақсы екен, ендіше үй тапсырмасын тексеремін. Үй жұмысы қандай?
Үй жұмысының тақырыбы « Хайуанаттар бағында » . С ұрақ-жауап.
-Хайуанаттар бағында қандай аңдар бар?
– Жандос бірінші рет нені көрді?
-Түйеқұс оларға ұнады ма?
|
Кезекші тұрып үй жұмысына не бергенін айтады.
Оқушылар қолдарын көтеріп сұрақтарға жауап береді.
|
«Хайуанаттар бағында » мазмұндау.
|
|
Қорытындылау: Өте жақсы, балалар, хайуанаттар туралы жақсы біледі екенсіңдер.
Бағалау.
Дұрыс жауап берген балаға фишка беру.
|
|
|