Сабақтың тақырыбы: «Айқұлақ» ұлттық ойыны. Тұйық етістік.
Сабақтың мақсаты: а) білімдік: тақырып бойынша жан-жақты мәлімет бере отырып,
тұйық етістікті түсіндіру, сауатты сөйлеу мен жазуға үйрету;
б) дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту,
қызығушылықтарын оятып, танымдық көзқарастарын
қалыптастыру;
в) тәрбиелік: өз елін, жерін сүюге, мемлекеттік тілді құрметтеуге,
қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: пысықтау сабағы
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, топтық жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: кітап, сөздік, инт. тақта, суреттер
Пәнаралық байланыс: орыс тілі
Күтілетін нәтиже: тұйық етістіктерді меңгеру, айқұлақ ойыны туралы өз
ойларын айта білу;
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
– Оқушылармен амандасу – Кезекшінің мәліметі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
1 – тапсырма («Асық ойыны» мәтінін мазмұндау).
Мәтіннен жіктік жалғауы бар сөздерді табу.
ІІІ. Жаңа сабақ
1 – тапсырма. «Айқұлақ ойыны» мәтінімен топтық жұмыс.
Мәтінді оқу
Мәтін бойынша сұрақтар құрау
Мәтінді мазмұндау
Мәтіндегі тірек сөздерді табу
Мәтіннен тұйық етістіктерді табу
2 – тапсырма. Берілген етістіктерді тұйық етістік тұлғасында жазыңдар.
3 – тапсырма. Мәтін мазмұны бойынша сөйлесу құраңдар.
Ережемен жұмыс
Тұйық етістік –у жұрнағы арқылы жасалады. Мысалы: жасау, келу, бару, т.б.
Тұйық етістік септеледі, көптеледі, тәуелденеді.
ІV. Бекіту бөлімі
Сұрақтар қою арқылы бекіту
V. Үйге тапсырма
1 – тапсырма («Айқұлақ ойыны» мәтінін мазмұндау).
Тұйық етістігі бар мақал – мәтелдер жазу.
VІ. Бағалау бөлімі
Сабаққа қатысы бойынша бағалау.
VІІ. Сабақты қорытындылау