Қазақ тілі 5 класс на казахском

«Айқұлақ» ұлттық ойыны. Тұйық етістік.

Опубликовано в 2018 году. Что изменилось в 2026–2027

Сабақтың тақырыбы: «Айқұлақ» ұлттық ойыны. Тұйық етістік.

Сабақтың мақсаты: а) білімдік: тақырып бойынша жан-жақты мәлімет бере отырып,

тұйық етістікті түсіндіру, сауатты сөйлеу мен жазуға үйрету;

б) дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту,

қызығушылықтарын оятып, танымдық көзқарастарын

қалыптастыру;

в) тәрбиелік: өз елін, жерін сүюге, мемлекеттік тілді құрметтеуге,

қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: пысықтау сабағы

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, топтық жұмыс

Сабақтың көрнекілігі: кітап, сөздік, инт. тақта, суреттер

Пәнаралық байланыс: орыс тілі

Күтілетін нәтиже: тұйық етістіктерді меңгеру, айқұлақ ойыны туралы өз

ойларын айта білу;

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

– Оқушылармен амандасу – Кезекшінің мәліметі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

1 – тапсырма («Асық ойыны» мәтінін мазмұндау).

Мәтіннен жіктік жалғауы бар сөздерді табу.

ІІІ. Жаңа сабақ

1 – тапсырма. «Айқұлақ ойыны» мәтінімен топтық жұмыс.

Мәтінді оқу

Мәтін бойынша сұрақтар құрау

Мәтінді мазмұндау

Мәтіндегі тірек сөздерді табу

Мәтіннен тұйық етістіктерді табу

2 – тапсырма. Берілген етістіктерді тұйық етістік тұлғасында жазыңдар.

3 – тапсырма. Мәтін мазмұны бойынша сөйлесу құраңдар.

Ережемен жұмыс

Тұйық етістік –у жұрнағы арқылы жасалады. Мысалы: жасау, келу, бару, т.б.

Тұйық етістік септеледі, көптеледі, тәуелденеді.

ІV. Бекіту бөлімі

Сұрақтар қою арқылы бекіту

V. Үйге тапсырма

1 – тапсырма («Айқұлақ ойыны» мәтінін мазмұндау).

Тұйық етістігі бар мақал – мәтелдер жазу.

VІ. Бағалау бөлімі

Сабаққа қатысы бойынша бағалау.

VІІ. Сабақты қорытындылау

 

Ещё уроки серии

Все 186 уроков
  1. 5 сынып бақылау жұмысы
  2. 6 сынып Табиғатты қорғайық!
  3. «Қай күн?» ойыны. Реттік сан есім.
  4. Абай Құнанбаев. Дара және күрделі сын есім.
  5. Адам денсаулығы. Жалғаулық шылау.
  6. Адам. Шылаулар.
  7. Адамның дене мүшелері. Шылаулар.
  8. Азық-түлік дүкенінде. Септік жалғаулары.
  9. Алматы қаласы. Зат есім. Септік жалғаулары. Атау септік.
  10. Ана аю. Сапалық және қатыстық сын есім.

Қазақ тілі в 5 классе

Все предметы 5 класса