Сабақтың тақырыбы: Таңғы, түскі, кешкі тамақ. Дауыссыз дыбыстар.
Сабақтың мақсаты: а) білімдік: тақырып бойынша жан-жақты мәлімет бере отырып,
дауыссыз дыбыстарды түсіндіру, сауатты жазуға және
сөйлеуге үйрету;
ә) дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту,
қызығушылығын арттыра отырып, танымдық көзқарастарын
қалыптастыру;
б) тәрбиелік: өз елін, жерін, Отанын сүюге, мемлекеттік тілді
құрметтеуге, қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: пысықтау сабағы
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап
Сабақтың көрнекілігі: кітап, сөздік
Пәнаралық байланыс: орыс тілі
Күтілетін нәтиже: дауыссыз дыбыстарды меңгеру, таңғы, түскі, кешкі тамақ жөнінде
өз пікірін айта білу;
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
– Оқушылармен амандасу – Кезекшінің мәліметі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
«Денсаулықты қалай күту керек?» тақырыбына әңгіме жазу.
ІІІ. Жаңа сабақ
1-тапсырма. Үлгі бойынша ас мәзірін дайындау.
Ас мәзірі (меню)
Таңғы тамақ – ботқа, нан, сүт қосылған шай, май.
Түскі тамақ – бесбармақ, палау, салат, компот
Кешкі тамақ – макарон, шай, май,
2 – тапсырма. «Таңғы, түскі және кешкі тамақ» мәтінін оқып, мәтінге жоспар құрыңдар,
мазмұндаңдар.
3 – тапсырма. Берілген сөздерге фонетикалық талдау жасаңдар.
Тамақ – та-мақ 1 буын – ашық буын, 2 буын – бітеу буын.
Т – дауыссыз, қатаң
А – дауысты, жуан, ашық, езулік
М – дауыссыз, үнд
А – дауысты, жуан, ашы, езулік
Қ – дауыссыз, қатаң. 5 әріп, 5 дыбыс бар.
Ережемен жұмыс
Дауыссыз дыбыстар үн мен салдырдың қатысына қарай үш түрге бөлінеді:
- Қатаң дауыссыздар: п,т,с,ч,ц,ф,х,ш,щ,к,қ -11
- Ұяң дауыссыздар: б,в,г,ғ,д,ж,з,һ – 8 3. Үнді дауыссыздар: р,л,м, н ,ң, й ,у – 7
ІV. Бекіту бөлімі
Сұрақтар қою арқылы бекіту.
V. Үйге тапсырма
2-тапсырма (мәтінді мазмұндау) 3 – тапсырма (сөздерге фон. талдау жасау)
VІ. Бағалау бөлімі
Сабаққа қатысы бойынша бағалау.
VІІ. Сабақты қорытындылау