Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай бөлінетін түрлері

0
1158
явления

Пәннің аты Уақыты: Кабинет: Мұғалім Сабақтың атауы Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай бөлінетін түрлері 2-сағат Мақсаты Білімділік: оқушыларға жай сөйлемнің айтылу мақсатына қарай бөлінуі туралы түсінік беру, сөйлемдегі сөздерді сатылай кешенді технологиясы арқылы талдай білуге машықтандыру; Дамытушылық: жай сөйлем туралы түсініктерін одан әрі дамыту, оқушылардың ой – өрісін, тіл байлығын кеңейту; сөз тіркестері мен сөйлемдерге талдау жасауға дағдыландыру, сөйлемдердің айтылу мақсатына қарай ажырата білуге дағдыландыру. Тәрбиелік: Тіл қадірін түсініп, оны дамытудың сепшісі бола білуге тәрбиелеу, сөйлемдерді дұрыс құрып сөйлей білуге тәрбиелеу. оқушыларды ұқыптылыққа, таза, сауатты жазуға, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. №2 слайд Сабақтың міндеті: Балаларды топпен жұмыс істеуге, пікірлерін айта білуге баулу, сөйлем мен сөздерді талдату. Сабақтың түрі: қайталау сабағы. Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ – жауап, жаттығу жұмыстары, тест Сабақтың көрнекілігі: флипчаттар, тест тапсырмалары, слайдтар; Күтілетін нәтиже Психологиялық ахуал Күн күлімдеп нұр төкті, бізге жолдап… Балалар: Сәлем! Жақсы сөздер нұр септі, бізге жолдап… Балалар: Сәлем! Еске сақтап кеңесті, достарға сыйла… Балалар: Сәлем! Кел,қосылып айтайық бір-бірімізге… Балалар: Сәлем! Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді. Қызығушылықты ояту 1. «Миға шабуыл» оқушыларға сұрақтар қоя отырып, өткен тақырыптарға шолу жасаймыз.№5 слайд 1. Синтаксис қандай сала, нені зерттейді? 2. Сөйлем дегеніміз не? 3. Сөйлем айтылу сазы мен мазмұнына қарай қалай бөлінеді? 4. Сөйлем құрамы мен құрылысына қарай нешеге бөлінеді? 5. Хабарлы сөйлем дегеніміз не? 6. Сұраулы сөйлем дегеніміз не? 7. Лепті сөйлем дегеніміз не? 8. Бұйрықты сөйлемдер дегеніміз не? 2. «Топтастыру» тәсілі арқылы сөйлемдердің мағынасына қарай жіктелуін тоқталамыз Мағынаны тану Топтарға берілетін сөйлемдер топтамасы. І топ ————————————————————–ІІ топ Ақыл бізді білімге жетелейді —————————-Бұл – Байжанның талай келген үйі Баянауыл сияқты жерді кім сүймейді? ————— Басшысы болмаған елде елдік бар ма? Енді айыпқа бұйырмаңыз! ——————————- Қарағым, қадамың құтты болсын! Төл өсір, малыңды бақ, күтіп бапта! ——————Ел сенген, Отан сенген сенімді ақта! Дәптермен жұмыс. Сергіту сәті Орманның бiз емшiсiмiз, Тоқ, тоқ, тоқ (партаны үш рет ұрады). Құрт бiткендi жоқ етемiз, Жоқ, жоқ, жоқ (қимыл көрсетедi). Тоқ, тоқ, тоқ, Жоқ, жоқ, жоқ. Ой толғаныс Үлестірмелі парақша Тапсырма: жiңiшке дыбыстардың астын сызыңдар. Көйлек жуу. Менiң қуыршағым бар. Оның аты – Айсұлу. Айсұлудың көйлектерi көп. Көйлектерi бәрi әдемi. Бiрақ тез кiрлейдi. Оны жиi жуу керек. Мен кiр жууды анамнан үйрендiм. Айсұлудың ұлттық киiмi де бар. Қуыршағымның шашы ұзын. Мен шашын тараймын, жуамын. Үйге тапсырма Дәптермен жұмыс Күнделіктеріне жазып алады Бағалау Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау Бағалау парақшасын толтырады. Кері байланыс Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады Қазақ тілі, сөйлем түрлері