Сәрсенбі. Жинақтық сан есім.

0
718

Сабақтың тақырыбы: Сәрсенбі. Жинақтық сан есім.

Сабақтың мақсаты: а) білімдік: тақырып бойынша жан-жақты мәлімет бере отырып,

сан есім мен жинақтық сан есімді түсіндіру, сауатты сөйлеу

мен жазуға үйрету;

б) дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту,

қызығушылықтарын оятып, танымдық көзқарастарын

қалыптастыру;

в) тәрбиелік: өз елін, жерін сүюге, мемлекеттік тілді құрметтеуге,

қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: пысықтау сабағы

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, сөйлесу, деңгейлік тапсырмалар, топтық жұмыс

Сабақтың көрнекілігі: кітап, сөздік, инт. тақта

Пәнаралық байланыс: орыс тілі

Күтілетін нәтиже: жинақтық сан есімді меңгеру, қазақша уақыт сұрай білу;

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

– Оқушылармен амандасу – Кезекшінің мәліметі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

Сан есімдерді бар мақал – мәтелдер жазу.

ІІІ. Жаңа сабақ

1 – тапсырма. «Сәрсенбі» мәтіні бойынша топтық жұмыс

Мәтінді оқиды

Мәтін бойынша сұрақ құрайды

Мәтінді мазмұндайды

Мәтіндегі тірек сөздерді табады

2 – тапсырма. Диалогты оқып, өзара сөйлесіңдер.

3 – тапсырма. Деңгейлік тапсырмаларды орындаңдар.

ІІІ деңгей

1. Диалогтағы сан есімдерді теріп жазып, сан есімдердің қай түріне жататынын айтыңдар.

2. Диалогты орыс тілінде айтып беріңдер.

3. Жыл мезгілдерін сипаттап беріңдер.

ІІ деңгей

1. Диалогтағы үш сан есімнің құрамын талдаңдар.

2. Бір сөзге морфологиялық талдау жасаңдар.

3. «Уақыт» тақырыбы бойынша әңгіме құраңдар.

І деңгей

1. Уақытты неге үнемдеу керек? Өз ойларыңды жазыңдар.

Ережемен жұмыс

Сан есім – заттың санын, мөлшерін білдіретін сөз табы. Сұрағы: қанша? неше?

Жинақтық сан есім: біреу, екеу, үшеу, төртеу, бесеу, алтау, жетеу. Жұрнақтары: -ау, -еу

ІV. Бекіту бөлімі

Сұрақтар қою арқылы бекіту

V. Үйге тапсырма

4-5- тапсырма.

VІ. Бағалау бөлімі Сабаққа қатысы бойынша бағалау

VІІ. Сабақты қорытындылау