Сабақтың тақырыбы: §18. Қаңлылар туралы деректер. Қаңлы қоғамы

0
1090
физика

Сабақтың мақсаты:

Қаңлы қоғамы, олардың орналасуы, олар туралы деректер, қоғамдық құрылысы, археологиялық ескерткіштері туралы айта отырып, белсенді, білімді азамат тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: баяндау

Көрнекілік: суреттер

Сабақтың жоспары I. Ұйымдастыру кезеңі

II Үй тапсырмасын тексеру

III Жаңа сабақ

IV Жаңа сабақты бекіту

V Қорытындылау,бағалау

VI Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі

Оқу құралын тексеріп түгелдеу

Әнұран орындау, «Хабар»

Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

Үйсіндер қоныс салу үшін қандай жерлерді таңдаған? Малдың қандай түрлері өсірілді?

Үйсіндер күнделікті тұрмысқа қажетті қандай бұйымдар жасады? Оларды жасау үшін нені пайдаланды?

Суреттерді пайдалана отырып, үйсіндер жасаған қолөнер заттарына сипаттама бер.

Үйсін ескерткіштері қай аймақтан көп табылған? Картадан көрсет.

Жаңа сабақтың жоспары:

Қаңлылар туралы деректер.

Ежелгі Иранның б.з.б. 6 ғасырда жазылған «Авеста» деп таалатын қасиетті кітабында «Вэсаканың ер жүрек ұлдары ең биік, бәрінен жоғаты тұратын Канха қамалының алдында құрбандық берді» деп жазылыпты. «Кангүй», «канха» сөздері қазақтың Ұлы жүз тайпалық бірлестіктерінің бірі Қаңлы атауына ұқсас.

Қаңлылардың орналасуы.

Қаңлы мемлекеті оңтүстігінде қытаймен және Үйсіндермен көршілес жатты. Қытай өкілінің императорына хабарында «Қаңлылар өркөкірек, өжет келеді. Біздің елшілерімізге басын имейді. Орталық билік атынан келген өкілдерімізге үйсін елшілерінен төмен отырғызады. Оралдың билеушілері мен ақсақалдарына тамақты алдымен береді, ал содан соң барып біздің елшілерге тартады» делінеді.

Қоғамдық құрылысы.

Қаңлы елі өз ішінде бес бөлікке бөлініп, әр иелікті кіші хандар басқарған. Кіші хандар Ұлы ханға бағынған. Кіші хандарға бағынатын ру, тайпаларды көсемдер басқарған. Көсемдердің лауазымы мұрагерлік жолмен әкеден балаға берілген.

Археологиялық ескерткіштер.

Қауыншы, Отырар-Қаратау, Жетіасар

Сабақты бекіту:

Қаңлылар туралы қандай деректер бар? Оларда қаңлылар туралы не айтылады?

Қаңлылар мекендеген жерлердің табиғи-климаттық жағдайын сипаттап айт.

Көк-мардан қаласы ғалымдарға қандай мәлімет береді?

Қаңлылардың қоғамдық жағдайы туралы әңгімеле.

Бағалау:

Үйге тапсырма: §18.