Сабақтың тақырыбы: Отбасындағы дәстүрлер.

0
903

Сабақтың мақсаты . Білімділік: Отбасының мүшелерінің тұрмыс тіршілігі, дәстүрі туралы тереңірек білу, ұғындыру .

Дамытушылық : Отбасы дәстүріне байланысты сөйлемдер, диалог және басқа амал тәсілдер арқылы, тіл байлығын молайту.

Тәрбиелік : Отбасы дәстүрлерін сақтау, татулықты, бейбітшілікті сақтауға баулу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, оқыту, қызықтыру.

Жұмыс формалары: топтық, жұптық, жекелей.

Көрнекілігі: Олардың тұрмыс тіршілігі суреті, оқулық.

Сабақтың барысы:

I Ұйымдастыру кезеңі: Сабаққа дайындықтарын сұрау, олармен ауа райы, жыл мезгілдері туралы аздаған 5-7 мин әңгіме жүргізу.

II Сабақтың мақсатымен таныстыру : дәстүрлер туралы әңгіме ете білу, ол үшін сөйлемдерді аудару, диалог оқу, сөздер, бізге көмегін тигізеді.

III Үй тапсырмасын тексеру : Өлең оқу.Оқушылардан үй тапсырмасын сұрап шығу.

IV Жаңа сабақты түсіндіру. Тақтадағы отбасының тұрмысы туралы суретпен жұмыс.

Мәтінмен жұмыс.

Шағын әңгіме.

Оқулықпен жұмыс.

Сергіту.

V Сабақты пысықтау . Суретке қарй отырып сөйлемдер құрау, оны тақтаға жазу.Осы үлгі бойынша диалог дайындау. өздік жұмыс диалогтарын дайын болған соң оқиды. Бір- біріне сұрақ қою арқылы: мысалы : , менің атам етікші. Ал сенің атаң кім? Менің атам зейнеткер.

Мәтінмен өздері танысып оқи отырады. Оны аудару кезекпен. Мәтінге сұрақ қою. Оқушылар өздері дауап береді. Енді оқушылар мәтіннің мазмұнын айтуға дайындалады.Ақырында осы үлгі бойынша өздері шағын әңгіме жазуға кіріседі. Әңгімелерін оқиды.Мәтінге қарап отырып өз отбасы туралы әңгімелеуге әр оқушы дайын болуға тиіс.

Оқулықпен жұмыста деңгейлік тапсырмаларды орындау, өздік жұмыс.Өз деңгейлеріне байланысты топқа бөлініп тапсырманы бөліп беру.

Тақтадағы мына сөздердің мағынасын ашу: Атаңды ардақта!

Әкеңді сыйла!

Үлкенге құрмет көрсет!

Әр оқушы өз сөзімен түсінгенін айтады, сабақта сөздік дәптерді қарап шығу, оны оқушылар қолдануына болады. Оқушылар дайындары тақтаға шығып тапсырмаларын орындап береді.

Тақтадағы мәтелді дәптерлеріне жазып алу.

VI Сергіту сәті: Сөздік дәптерді қолдана отырып сөздер жарысы, мұғалім орысша сөздерді атайды оқушылар жауабын береді, өткен тақырыптағы сөздерді естеріне түсіру.

VII Сабақты қорытындылау : Үндестік заңы туралы сұрау , қазақшасын, орысшасын. Оған мысалдар келтіру. Балалар тақтадағы мына сөздерге назар аударыңдар: Сіз деген -сыпайылық,

Сен деген- анайылық,

Біз деген- көмек,

Сіз деген- әдеп.

Балаларға сөздердің мағнасын ашу олар дәптерге түсіреді.Бұдан түсінетіндерің қоғамда, көшеде, отбасында үнемі әдептілікті сақтай білген жөн.

VIII Үй тапсырмасын беру: Отбасы туралы монолог айту.

Бағалау.